Өрлеу сайты

Әлемдегі ең үздік музыка — баланың күлкісі

Әлемдегі ең үздік музыка — баланың күлкісі

Әлемдегі ең үздік музыка — баланың күлкісі

Құрметті достар, бүгін біз сіздерді астаналық қосымша білім беру саласының танымал педагогі Брониславас Казисович Бугинаспен таныстырамыз.

Брониславас Казисович «ГолосОК» музыкалық даму студиясының жетекшісі және студия жанынан музыкалық аспаптар шағын мұражайын құрып, оның жұмысын белсенді атқарып отырған, өз ісінің шебері. Жезқазған қаласы әкімінің 2012 жылғы «Үздік қосымша білім беру педагогі» грантының иегері.

2014 жылғы республикалық «Әдістемелік вернисаж» конкурсының жеңімпазы (Астана); 2016 жылғы республикалық «Педагогикалық оқулар» конкурсының жеңімпазы (Астана); 2016 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері (Астана). 2019 жылы Ыбырай Алтынсарин медалімен марапатталған (Нұр-Сұлтан).

Бала кезінен музыкант болуды армандаған ол, мектептен кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Музыка, хореография және халық өнері» факультетіне оқуға түсті. Бұл оқу орнында 1989 жылдан 1994 жылға дейін оқыған жалынды жас жалпы білім беретін мектепте вокал мұғалімі және музыка мұғалімі біліктілігін алып шықты.

Брониславас Казисовичтің көптеген шығармашылық жұмыстары Қазақстан мен Ресейдің музыкалық жетекшісі анықтамалығында жарияланған. Оның өлеңдеріне жазылған әндер Қазақстан Республикасының 1 және 2 сыныптарының музыка оқулықтарына енген. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен ТМД елдерінің композиторларымен үнемі шығармашылық байланыста. Музыка бойынша көптеген әдістемелік құралдардың авторы. Балалар ақын-әншісі: «В каждой песне солнышко», «Мы приглашаем в гости к нам», «Урожай собирай» балаларға арналған әндер жинағы мен «Веселые нотки», «Дорога на мельницу» музыкалық ертегілерінің авторы. Қазақ музыкалық аспаптары мен Андерсеннің ертегілері бойынша жұмбақтардың авторы.

Брониславас Казисович бізбен өзінің мамандық таңдаудағы құпиясымен бөлісті: «Менің мамандығым бойынша ең бастысы не? Бастысы балаларды сүю, жай ғана сүю, оларға өз жүрегіңнен орын беру. Менің мамандығым, мен үшін несімен бағалы? Менің таңдауым — педагог болу! Бұл дегеніміз, әр баламен балалық шақты қайта-қайта өмір сүруді және олармен балалықтың қызықты сәттерін бірге кешуді білдіреді. Әлемді бүлдіршіндер көзімен көруді қалайды. Ұстаз болу — менің Жолым! Мен бұл жолды соңына дейін әлі өткен жоқпын. Бұл жолдың бастауынан нәр алған мен, нағыз Ұстаздықтың шыңына жету үшін еңбек жолымда алдымды бағамдап, бір уақыт артыма қарайлап, өмір жолымды саралаймын. Мен өз таңдауымды сәтті жасадым, менің мамандығым менің өміріммен бірге жалғасын табады деп сенемін. Мен бақыттымын, өйткені жылдан жылға өз еңбегімнің нәтижесін көрудемін және адамзаттың ең үздік жетістігі мұғалімдер болатынына үмітім зор!».

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code