Өрлеу сайты

Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

2020 жылдың 24 қантарында Гуманитарлық колледждің базасында тренер Г.К. Даулетбаеваның жетекшілігімен өткізілген «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» курсы аяқталды.

Тыңдаушылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи және психологиялық-педагогикалық негіздері»; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері»; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі» үш негізгі модулі бойынша білім алды.

Курс барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі» тақырыбына аса мән берілді. Мұғалім баланы жанды біліммен қаруландыруы тиіс. Жанды білім – адамды рухтандырады, ғылым көкжиегіне еліктіреді, жаңа өмір жасауға ықпал етеді. Жанды білім — жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді, қанаттандырады. «Өзін-өзі тану» пәнінің мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі өте зор. Ол басқа пәндер сияқты айналадағы дүниені тану емес, тұлға, адам ретінде өзін-өзі тану туралы ғылым. Адам болып өмірге келу аз, Адам болып өмір сүре алу керек! Шынайы ұстаз — рухани ізгілік педагогикасын дәріптейтін, соның қағидаттарын ұстанатын, балалардың мүмкіншіліктеріне жағдай жасайтын адам болуы тиіс. Сабақ барысында тыңдаушыларға өзін-өзі танудағы мұғалімнің моделін жасау деген тапсырма берілді. Тыңдаушылар бір ауыздан, мұғалімнің моделі, ол: баланы жақсы көретін, жүрегі мейірімге толы, шығармашыл, еңбекқор соңымен бірге еңбегінің қыр-сыры мол, ізденімпаз, сәуле шашушы, нұр сыйлаушы деп атай отырып өзін-өзі тану — адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы деген шешімге келді.

Курс барысында педагогтер «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырып отырған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бес негізгі ұйымның бірі — №59 мектеп-лицейіне барып, әріптестерінің жұмыстарымен танысты.

Мектеп директоры А.А. Жумабекова тыңдаушылармен кездесіп мектеп жұмысымен, мектепте өтіп жатқан іс-шаралармен таныстырды. Тәжірибе алмасу үшін тыңдаушылар ашық сабақтарға қатысты. 4 сыныпта «Батылдық пен табандылық» тақырыбындағы А.Р.Жумабаеваның, 8 сыныпта «Менің сыныптастарым» тақырыбындағы А.Б.Құралбекованың педагогтермен өткізілген сабақтары өте мағыналы өтті. Тыңдаушылар сабаққа белсенді қатысып, өздерін толғантқан сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ, тыңдаушылар директордың орынбасары С.К.Кабажаеваның ұйымдастыруымен өткізілген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы іске асырылуда» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылып, педагогтер өз тарапынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ тренерлеріне шексіз алғыстарын білдірді.

#ФАОНЦПКӨрлеуАстана #ИПКОрлеуАстана #ӨрлеуБАҰОАстанафилиалы #ӨрлеуАстанаПҚБАИ