Өрлеу сайты

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түсіндірме

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түсіндірме

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түсіндірме

2020 жылдың 29 қаңтарында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында «Әділет» қалалық кәсіподағының төрағасы Б. А. Алиевтің «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесуді астаналық филиал директоры Л. А. Саинова ашып, институт қызметкерлері мен қалалық кәсіподақ төрағасы құқықтық актілерді әзірлеуге белсене қатысып, жұмыс тобының құрамына кіргенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 27 желтоқсанда ел педагогтері үлкен үмітпен күткен «Педагог мәртебесі туралы» Заңға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев қол қойған болатын. Заңның қабылдануы Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында жүзеге асырылды.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң 21 баптан тұрады. Оның әрбір бабы педагогтердің кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін ерекше жағдай жасайды. Түсіндіру барысында Б. А. Алиев келесі тармақтарға баса назар аударды:

— педагогті кәсіби міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан қорғау; білім беру саласындағы ҚР заңнамасында көзделмеген есептілікті немесе ақпаратты талап ету;

— оқу жүктемесін 2021 жылғы 1 қыркүйектен сағат 18-ден 16-ға дейін төмендету;

— мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін, негізгі жұмыс орны бойынша – 10 АЕК мөлшерінде (республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш) қосымша ақы;

— жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын 42-ден 56 күнтізбелік күнге дейін ұлғайту;

— бір оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметке алғаш кіріскен педагогтерге тәлімгерлік үшін қосымша ақы;

— мұғалімдердің еңбекақысын 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап төрт жыл ішінде екі есеге 25% — ға арттыру.

Қалалық кәсіподақ төрағасы негізгі ережелер бойынша астаналық филиал қызметкерлерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Заң педагогке жоғарыда аталған барлық құқықтардан басқа, ол сақтауға және жауапкершілікте болуы тиіс Заңның 15-бабында көрсетілген бірқатар міндеттерді белгілейді, — деп атап өтті.

Кездесу соңында Б. А. Алиев «Педагог мәртебесі туралы» Заң қоғамдағы педагогтердің әлеуметтік кепілдіктері жүйесін құратынын, сондай-ақ олардың кәсіби өсуі, мәртебесін көтеру және ынталандыру үшін жағдай жасайтынын атап өтті, ал филиал ұжымы өз кезегінде «Педагог мәртебесі туралы» Заң ережелерін кәсіби тұрғыда егжей-тегжейлі түсіндіргені үшін «Әділет» қалалық кәсіподақ төрағасына ризашылық білдірді.