Өрлеу сайты

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі  

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі   

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі  

 

Елордада 2020 жылғы қаңтардың 30 — 31 күндері Премьер-Министрдің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың және Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Алқа мәжілісі секциялық және пленарлық бөлімдер бойынша жұмыс істеді.

«Өрлеу» БАҰО »АҚ филиалының қызметкерлері «Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің негізгі басымдықтары» (модератор, вице-министр — Каринова Ш.Т.) тақырыбындағы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің №1 секциясына қатысты. Секциялық отырыс барысында білім берудің барлық деңгейлерінде өзекті тақырыптар талқыланды.

Пленарлық бөлімде министр А.Қ. Аймағамбетов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы қызметін қорытындылады және 2020 жылға арналған міндеттерді белгіледі. Вице-министрлер Б.А. Асылова мен Ш.Т. Каринова «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелері мен Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнын ашып, толық түсіндірме берді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code