Өрлеу сайты

«Абай Дана — Абай Дара» ақпарат сағаты  

«Абай Дана — Абай Дара» ақпарат сағаты   

«Абай Дана — Абай Дара» ақпарат сағаты  

 

Абай мұрасы — халқымыздың бірлігі

мен дамуына жол ашатын қасиетті құндылық.

Қасым-Жомарт Тоқаев

 

2020 жылдың 28 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ кітапханасында «Музыка» пәні бойынша біліктілікті көтеру курсы аясында тыңдаушыларға көрнекті ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор Абай Құнанбаевтың 175- жылдығына арналған ақпараттық сағат өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақпараттық сағаттың негізгі арқауы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен таныстыру болды.

Кітапхана ісінің қызметкері А.С. Искакова курс тыңдаушыларын Ел президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен «2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 — жылдығын мерекелеу туралы» Жарлығы шыққандығы жөнінде хабардар етті, сондай-ақ кітапхана қызметі, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі, кітап қорымен таныстырды. Қоғамда болып жатқан процестер кітапхана жұмысында да көрініс табатынын, осыған байланысты 2020 жылы филиал кітапханасы өз қызметінде Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын зерделеу, тарату мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспары барына тоқталды.

Кітапхана ісінің қызметкері тыңдаушыларды Президенттің мақаласы туралы толығырақ ақпараттандырды, негізгі мәселелерге тоқталды.

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласының негізгі идеясы — ойшылдың идеяларын кеңінен насихаттау. «Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзекті болып келеді. Абай идеялары әрқашан барлығымыз үшін рухани азық бола алады. Бұл бастаманы бүкіл ел зор ынтамен қолдады. Абайдың ақындық сынының қаншалықты сәтті болғанын бәрі біледі … деген мақаланың алғы сөзінде. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, оның мол мұрасы қазіргі заманғы қоғамның аса құнды негіздерінің бірі болуы керек.

Тыңдаушыларды мақала мазмұнымен жақын таныстырған кітапхана қызметкері айтулы датаға арналған кітап көрмесін тамашалауды ұсынды. Көрмеге Абай шығармашылығына арналған кітаптар, мерзімді басылымдар беттерінен материалдар қойылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалып, тыңдаушылар ұсынылған танымдық материалдарға қызығушылық танытты және кітапхана қорындағы Абай туындыларымен танысты.