Өрлеу сайты

Поэзия сағаты

Поэзия сағаты

Поэзия сағаты

2019 жылдың 21 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ кітапханасында мектеп кітапханашыларының біліктілікті көтеру курсы аясында «Поэзия сағаты» әдеби шарасы өтті.

Кітапханашы А.С. Искакова тыңдаушыларды кітапхана қорымен, оқырмандармен жүргізілетін жұмыстарымен таныстырды. Шараға кітапхана қорынан белгілі қазақ ақын-жазушыларының: Абай Құнанбаев, Махамбет Өтемісов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Т.Айбергеновтің және А.С.Пушкиннің, қазіргі заман қазақ поэзиясы авторларының шығармалары топтамасы дайындалды.

Тапсырма бойынша әр кітапханашы өзі таңдаған шығармамен танысып, оны тыңдаушыларға оқып талдап берді. Әріптестері өз пікірін білдірді. Курс тренері Ф.Б. Ғалымжанова тыңдаушыларға жеткілікті түрде оқырман оқушымен тығыз қарым-қатынаста болуды, кері байланыс орнатуға талпыныс жасау керектігін айтты. Кітапқа деген сүйспеншілікті бастауыш сыныптан бастап оқушыға үйретсе, болашақта білімді, тәрбиелі азаматтар саны ұлғаяды. Оқырманмен жұмыс жүргізгендегі басты мақсат: кітап оқуды жаксы көруге, поэзияға, көркемсөзге қызығушылық тудыру. Сұлулықты сезінентін адамның жан-дүниесін поэзия байытатыны белгілі. Ондай адам қашанда жақсылыққа құмар, ол ешқашан жамандық жасамайды.

Тыңдаушылар курс барысында жаңа креативті әдіс-тәсілдерді қолдануды, тапсырмаларды орындауға белсене қатысып, өзіне мол тәжірибе алып жатқандарымен бөлісіп, үйренгендерін жұмыста қолданатындарын айтты.

.