Өрлеу сайты

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫ НАЗАРЫНДА

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫ НАЗАРЫНДА

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫ НАЗАРЫНДА

2019 ж. 11 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбындағы курс аясында ел өмірінде болып жатқан соңғы жаңалықтарға да назар аударылды.

Атап айтқанда, курс тыңдаушылары президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнына тоқталды.

Президент өз Жолдауында: «Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беруіміз қажет. Жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу керек. Біз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама әзірлеуіміз қажет», — деген жолдар курс тақырыбына орайлас келіп, тыңдаушылар ашық пікірлесу ортасын құрды.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code