Өрлеу сайты

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» «QARLYGASH-2019» І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ  

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»  «QARLYGASH-2019» І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ   

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» «QARLYGASH-2019» І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ  

 

19-20 қыркүйек аралығында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа әдістемелерін енгізумен айналысатын бірегей білім беру мекемесі – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи тенденциялары» «Қарлығаш-2019» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын бастады.

Конференцияда «Әлемдік кеңістіктегі мектепке дейінгі білім беру үрдістері», «Мектепке дейінгі білім берудің басымдықтары мен өзекті мәселелері» бағыттары бойынша пленарлық және ғылыми секциялық отырыстар өткізіледі.

Конференция жұмысына Финляндия, Ұлыбритания, Австралия, Эстония, Беларусь, Израиль, Ресей Федерациясы және т.б. таяу және алыс шет елдердің мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші сарапшылары, педагог-практиктер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Қазақстан Республикасы өңірлері білім басқармаларының өкілдері қатысуда.

Конференция жұмысын ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ашық деп жариялап, қатысушылардың жұмыстарына сәттілік тіледі. БҒМ вице-министрі Рүстем Бигари құттықтау сөз сөйлеп, өз баяндамасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әлемдік кеңістіктегі қалыптасқан тенденцияларына тоқталды.

Пленарлық отырыста «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л.А. Саинова «Мектепке дейінгі білім: қазақстандық тәжірибе және әлемдік практика» бағыты бойынша «Заманауи талаптар деңгейінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция аясында оқу, математика және каллиграфия бойынша жеделдетіп оқыту әдістемесінің танымал авторы Ольга Лысенконың (Ресей), «Shugylakitap» оқу-әдістемелік әзірлемелерінің авторы Людмила Кирилинскаяның (Қазақстан) шебер-сыныптары өткізіледі, сондай-ақ «Жеті ойыншық» робототехника көрме-жәрмеңкесі өтеді.