Өрлеу сайты

«ADAL BILIM» ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ АШЫЛУЫ

«ADAL BILIM» ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ АШЫЛУЫ

«ADAL BILIM» ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ АШЫЛУЫ

2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында М.С. Нарикбаев атындағы ҚазГЗУ базасында «Адалдық алаңы» жобасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Білім және ғылым министрлігінің білім беру жүйесінде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірлескен серіктестік Меморандумы аясында «Adal bilim» Жобалық офисінің ашылу рәсімі өтті.

Аталған офистің ашылу рәсіміне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері мен астаналық білім беру ұйымдарынан арнайы шақырылған өкілдер қатысты.

Шараны өзінің кіріспе сөзімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.М. Аймағамбетов ашып, білім беру жүйесінде жемқорлықты болдырмау бағытында қолға алынып отырған жұмыс барысына тоқталды. Ашылып отырған офистің өзі оң істің бастамасы екеніне тоқталды. Келесі кезекте сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев Білім және ғылым министрі А.М. Аймағамбетовтің бастамасын қолдайтынын айта келе, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған нақты істерге тоқталып, осы бағытта қоғам болып күресу керек екендігі, сондай-ақ, кез келген парасатты адам бұл індетке қарсы шара қолдануды өзінің азаматтық парызы деп білуі керек екенін айтты.

Аталмыш шарада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Adal bilim» Жобалық офисінің Жарғысына салтанатты түрде қол қойылды.

#ФАОНЦПКӨрлеуАстана #ИПКОрлеуАстана #ӨрлеуБАҰОАстанафилиалы #ӨрлеуАстанаПҚБАИ