Өрлеу сайты

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ МҰҒАЛІМНІҢ ТАБЫСТЫ

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ МҰҒАЛІМНІҢ ТАБЫСТЫ

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ МҰҒАЛІМНІҢ ТАБЫСТЫ

Құрметті әріптестер!

13 –  30 мамыр аралығында Астана қаласы ПҚ БАИ АҚ филиалы біліктілікті арттыру институттарының профессорлық-оқытушылар құрамына, мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагогтердің курстан кейінгі қызметін әдістемелік сүйемелдеу мұғалімнің табысты өсуінің шарты ретінде» тақырыбында Республикалық интернет-форум өткізеді. (бұдан әрі — Форум).

Форумның мақсаты: педагогтер қызметін курстан кейін әдістемелік сүйемелдеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, пікірлесі және талқылау, әдістемелік сүйемелдеудің негізгі бағыттарын анықтау, сондай-ақ курстан кейінгі кезеңде педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу қызметтерінің моделін құрастыру.

Форумның  қатысушылары: басшылар, профессорлық-оқытушылық және тренерлік құрам,  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы бөлімдері мен зертханаларының мамандары.

Форум жұмысының бағыттары:

  1. Курстан кейінгі кезеңде мұғалімге әдістемелік көмек көрсетудің нысандары.
  2. Инновацияларды тәжірибеге енгізу бойынша мұғалімдерге кеңес беру қызметтерін көрсету.
  3. Курстан кейінгі кезеңде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесін тарату.
  4. Педагогтермен курстан кейінгі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері.
  5. Педагогтердің курстан кейінгі кәсіби өсуін әдістемелік сүйемелдеудің модельдері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. МДББ ұйымдары педагогтерін курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша әдістемелік жұмыстардың қандай бағыттары Сіздің тәжірибеңізде өзекті?
  2. Сіздің тәжірибеңізде ОББ ұйымдарының педагогтерін курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша әдістемелік жұмыстардың қандай бағыттары өзекті?
  3. Сіздің тәжірибеңізде ТжКББ ұйымдарының педагогтерін курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша әдістемелік жұмыстардың қандай бағыттары өзекті?

Форум жұмысы қашықтықтан өтеді. Форумға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетінің mconfastana@mail.ru поштасына 29 сәуір — 11 мамыр аралығында күрделі мәселелер бойынша өзіңіздің көзқарасыңызды көрсететін пікіріңізді, сондай-ақ Форум жұмысының бір бағытын іске асырудың практикалық аспектілері ашылған эссе мәтіні немесе мақала және өтінім жіберілуі тиіс.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылардың электрондық жинағын жариялау және оны http://orleuastana.kz/ сайтқа орналастыру жоспарлануда.