Өрлеу сайты

Математика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

Математика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

Математика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

30 сәуір 2019 ж. Математика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы жалғасуда. Тренер Боранбаева Л.К. Курс тыңдаушылары сабақты жоспарлау кезінде басшылыққа  алатын қағадаттармен танысып, жоспарлау кезінде басшылыққа алуға арналған материалдар тізімін айқындады. Педагогтер  сабақ жоспарларын дайындап, әріптестеріне ұсынды. Кері байланыс беріліп, сабақ жоспарын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.

8 thoughts on “Математика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

  1. Муниса

    Әріптестерге қазіргі бағалау жүйесімен, яғни бағалау түрлері туралы ақпарат берді, оқу, оқытудың сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындырды. Критериалды бағалауға бағыт берді. Бұл, әсіресе жас мамандарға өте құнды дүние.

  2. Ителгі (Қ.Ж.)

    Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім деген ұстанымды негізге ала отырып, мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық таныта алатын және өз білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде де қолдана білетін оқушы қалыптастыруға даярлау бастамысын «Өрлеу» мамандары барынша жетістіктерге жетті. Осыны негізге ала отырып шынайы алғыс біледіремін. Жаңа үдеріске, замануи жаңалықтар мен оқу жүйесінің алғы ұстанымдарын жетілдіреміз десек, осындар көмек орталықтарынан қол үзбейік.

  3. Салтанат

    Курс мазмұны өте ауқымды, пайдалы мәліметтер көп болды. Лейла Каирбековна-тәжірибелі тренер, өз ісінің шебері. Сабақ жоспарын SMART форматта құрып, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыруға болатынына сенімдімін.

  4. Шахмарал

    Курс жоғары деңгейде өтті.Жвңартылған бағдарлама бойынша маңызды да мағыналы көптеген мағлұматтар алдық.Тренеріміз Лайла Қайырбековнаға көп рахмет.

  5. Салтанат

    Курс мазмұны өте ауқымды, пайдалы мәліметтер көп болды. Лейла Каирбековна-тәжірибелі тренер, өз ісінің шебері. Сабақ жоспарын SMART форматта құрып, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыруға болатынына сенімдімін

  6. Zhanar

    Жаңартылған бағдарламаны жетік меңгеріп , ҚМЖ-ны » сықитып» жазуды үйреткен Ләйлә апайға рақмет.
    Ләйлә апай , өте білікті маман , бәрін өз орнымен , тәртіппен жүретін тренер , әрі өте жақсы адам. 2 апта ішінінде жаңартылған бағдарламаның қыр-сырын жақсы меңгердім. Курска келген мұғалікдермен етене , тығыз жұмыс жасадық . Әрқашан топқа бөлініп , қызықты сергіту сәттері жасап , түрлі белсенді әдістермен таныстық.
    Өрлеуде мұғалімдердің сапалы білім алуға , біліктілігін көтеруге жақсы жағдай жасалынған. Өрлеуге , өрлеу ұжымына мың алғыс , мұғалімдердің біліктілігін арттыра беріңіздер!

  7. Жаксылык

    Бугин курстын сонгы куни. Курс оте кызыкты, жогары денгейде отты. Курс мазмуны аукымды, коп пайдалы малимет пед копилкама алдым. Тренеримизге Лейла Каирбековнага алгысымды билдиремын, оте жауапты, оз исинин шеберы маман

  8. Мариям Сәкенқызы

    Бүгін курстың соңғы күніне жеттік, курс жайлы өз ойымды білдіргім келіп тұр. Бірінші күннен Ляйля Каирбековнамен жұмыс істеген маған өте ұнады. Өз ісінің шебері, топты жақсы ұйымдастырды. Топ арасында жағымды психологиялық ахуал тудырды. Әр күніміз қызықты сергіту сәттерімен толысып, топқа бөлу әдістерін бір-бірімізге көрсеттік. Бірінші күннің дәрістерінде: Білім беру бағдарламасын жаңартудың алғышарттарымен таныстым, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын математика сабағымен қалай байланыстыратынын үйрендім, оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын ашып, осы уақытқа дейін түсіне алмай жүрген сұрақтарыма жауап алдым. Бір бөлімше бойынша оқу мақсаттарын анықтадық. Екінші күннің дәрістерінде: тиімді оқу және оқыту тәсілдерін жұптасып сурет арқылы анықтадық, маған бұл тапсырма ерекше ұнады, өйткені кейбір суреттердің жауаптары менің көзқарасымды өзгертті яғни мен ойлағаннан басқаша болып шықты. Оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін оқып білдім. Ширату жаттығуларын топта талдап, қорғадық. SWOT талдауын жасадық, сұрақ қоюдағы қателіктерді талдадық, дұрыс сұрақ қоюды үйреніп, сұрақ түрлерін ажыраттық. Белсенді оқыту жайлы білімімді толықтырдым. Үшінші күні: Блум таксономиясы, қалыптастырушы бағалау үдерісі жайлы теориялық материал арқылы білімімді жетілдірдім. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма дайындауды үйрендім. 5-8 сыныптың ұзақ мерзімді жоспарын талдадық. Төртінші, бесінші күндері: ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарлармен жұмыс жасадық. Қысқа мерзімді жоспардың шаблонын алып өз жоспарларымыз әзірлеуге кірістік. Ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тәсілдерін топтарда талдап, қорғадық. Джигсо әдісін тиімді пайдалануды топтық жұмыс мысалында үйрендім. Саралаудың 7 тәсілімен таныстым. Алтыншы, жетінші күндері: графикалық органайзерлерді, MS Excel бағдарламасында кесте құру арқылы логикалық есептерді шешуді, математикалық есептерді MS Excel ортасында модельдеуді үйрендім. Мен үшін ол өте қызықты тапсырмалар болды. Зерттеудің алты қадамымен таныстым. Қалыптастырушы бағалау тәсілдерін және кері байланыс қағидаттарын оқып білдім. Сегізінші, тоғызыншы күндері: сабақты жоспарлағанда басшылыққа алатын қағидаттарды білдім, компьютерлік бағдарламаларда атап айтсам: Tarsia, Quizizz.com, Kahoot.it, LearningApps.com-да сабағыма қажетті тапсырмаларды әзірледім. Қысқа мерізімді жоспарымды жасау барысында алған білімімді толыққанды қолдануға тырыстым. Оныншы күні таныстырылымнан сәтті өттім деп ойлаймын.
    Осындай курс ұйымдастырғандарыңызға, біз сияқты жас мамандардың білімін жетілдіруге мүмкіндік бергендеріңізге алғысым шексіз. Алған біліммен шектеліп қалмай, алға ұмтылуға тырысамын. Курс тыңдаушыларына сәттілік тілеймін.