Өрлеу сайты

ТжКББ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

ТжКББ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

ТжКББ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

27 наурыз күні «Тұран» колледжінде «Кәсіби білім беру саласында мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері: әдістеме, теория, практика» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Пленарлық мәжілісте «Шетелдік кәсіби білім берудің заманауи трендтері» баяндамасымен «Астана» Халықаралық университетінің президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.А. Ирсалиев сөз сөйледі.

Конференция жұмысына Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Екібастұз, Саран қалаларының колледждерінен барлығы 81 оқытушы қатысты. Конференция барысында арнайы пәндер оқытушылары тәжірибе алмасып, әдістемелік құралдар мен ұсынымдар таныстырылды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ИДӘҚЕ бөлімінің бастығы А.Т. Кусаинова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ТжКББ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы секция бойынша модератор жұмысын атқарды.