Өрлеу сайты

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

2019 жылғы 27 ақпанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ және Білім беруді жаңғырту орталығының бірлесуімен №8 «Думан» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу қызметін жобалаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар-тренинг өтті.Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ, Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының қызметкерлері, балабақша тәрбиешілері қатысты.Ғылыми-тәжірибелік семинар-тренингтің мақсаты: ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі — ҰОҚ) жобалауда заманауи тәсілдерді қолдану бойынша жас педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Сондай-ақ, аталған шарада білім мазмұнын жаңарту аясында ҰОҚ жобалық ерекшеліктерімен таныстыру, педагогтердің ҰОҚ жобалау дағдыларын жетілдіру, педагогтердің өз іс-әрекеттерін және әріптестерінің қызметін талдаудағы рефлексиялық дағдыларын дамыту бойынша баяндамалар оқылып, тренингтер, түрлі практикалық жұмыстар өткізілді.

Семинар жұмысы барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Г.У.Тусупова «Современные подходы в проектировании организованной учебной деятельности в ДОО» тақырыбында баяндама жасап, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу қызметін жобалаудың заманауи тәсілдеріне тоқталды. Білім беруді жаңғырту орталығының өкілі Р.Ж.Базарбаева «Балабақшада жобалау әдісін қолданудың маңыздылығы» тақырыбындағы баяндамасында жобалау әдісінің қыр-сырына жете мән берді.

Семинар соңында ұсынымдар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.