Өрлеу сайты

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІРЛЕСКЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨПІР

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІРЛЕСКЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨПІР

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІРЛЕСКЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨПІР

2019 жылдың 8 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты 2018-2020 жж. арналған кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарымен бірлесіп «Латын әліпбиі және жазу сауаттылығы» тақырыбында әдістемелік көпір өткізді.

Әдістемелік көпір жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Ә.И.Чокушева ашып, тақырыптың өзектілігі мен оны шешудегі басымдықтарды атап өтті. Үш аймақтың ортақ тәжірибе мен пікір алмасу алаңын модератор институттың аға оқытушысы Б.Ғ.Ғалымжанов ұйымдастырды.

Әдістемелік көпір мәселесін талқылауға ғалымдар мен мектеп мұғалімдері шақырылды. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы, саясаттанушы Мұстафин Серік Хамзиевич баяндамасында Қазақстанның латын әліпбиіне көшудегі саяси аспектілерді ұсынды.

С.М.Нәрікбаев атындағы ҚазҰЗУ қазақ және орыс тілдері департаментінің кординаторы, филология ғылымдарының кандидаты Дюсупбаева Қарлығаш Советқанқызы латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу барысында сүйенетін орфографиялық нормаларды саралап, осы мәселе бойынша мектеп мұғалімдерінің сауалдарына жауап берді. Ғалым С.М.Нәрікбаев атындағы ҚазҰЗУ -да латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу бағытында жасалып жатқан жұмыс барысымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филология кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі

Мусин Лайс Капезұлы жазу сауаттылығын қалыптастырудағы қазақ тілі емлесі ережелерінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталып, бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етіп отырғандығына назар аударды.

Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ Жаратылыстану ғылыми (гуманитарлы) ПОӘ және ИТ кафедрасының аға оқытушысы Суюндыкова Баян Сабитқызы қазақ тілінің емлесі мен ережесін сақтап қалу мәселесі және оны шешу жолдары баяндамасында латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу бағытындағы соңғы өзгерістермен таныстырды.

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ресурстық тіл орталығы» КММ, Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жаканова Жупар Рыскуловна жаңа әліпби негізінде жазу сауаттылығын қалыптастыру жолдары мәселесі бойынша құнды ұсыныстармен бөлісті.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Есепбай Жанбота Есепбайқызы Ұлттық білім академиясының латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу бағытындағы жасап жатқан жұмыстарымен таныстырып, білім беру мекемелеріне қолдау көрсету бойынша шешуді қажет етіп отырған өзекті мәселелер бар екенін ескертті.

Әдістемелік көпір жұмысына қатысқан мұғалімдер ғалымдарға 2020 жылы 1 сынып латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшкен жағдайда балалар балабақшада қалай дайындалады, латын қарпіне көшкен жағдайда аға буынды оқыту қалай ұйымдастырылуы мүмкін және т.б. сауалдар қойды.

Әдістемелік көпір барысында ғалымдар мен мұғалімдер елімізде латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу бағытында ауқымды және кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, оның барысында әлі де ғалымдар тарапынан зерттеуді қажет етіп тұрған мәселелер бар екендігін тұжырымдады. Мұғалімдер ғалымдар тарапынан құнды мәліметтер мен тәжірибелік ұсыныстар алғанын айта отырып, алғыстарын білдірді.

Ғалымдар латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу бағытында туындап отырған өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға ортақ алаң құрып, мәселені талдауға негіз болып іс-шараны ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшылығына алғыстарын білдіріп, серіктестікті жалғастыру туралы ұсыныстарын білдірді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code