Өрлеу сайты

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК  ПЕН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

2018 жылдың 6 желтоқсаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты 2018-2020 жж. арналған кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Латын әліпбиі – ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізі» ойталқы алаңын өткізді. Ойталқы алаңының  мақсаты: латын әліпбиіне көшу жағдайында туындаған өзекті мәселелер мен әдістемелік ұсынымдарды талқылауға арналған пікірлесу алаңын құру. Ойталқы алаңында көкейдегі сұрақтарға жауап беру және пікірлесу үшін филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  профессоры, Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық жұмыс тобының мүшесі Салқынбай Анар Бекмырзақызы және Ұлттық комиссия жанындағы әдістемелік жұмыс тобының мүшесі, Назарбаев Университетінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты  Ағабекова Жазира Ағабекқызы шақырылды. Ойталқы алаңына Астана қаласы бойынша эксперимент алаңы болып саналатын мектептерден мұғалімдер де келіп қатысты.

Елбасымыздың жақында ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» — деген пікірі бүгінгі біздің ойталқыда көтерілген ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізімен үндес.

Видео  https://youtu.be/ZJo67Dax_F4