Өрлеу сайты

Өзін-өзі тану – өмірді тану

Өзін-өзі тану – өмірді тану

Өзін-өзі тану – өмірді тану

2018 жылдың 20-30 қараша аралығында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері тақырыбында 2-апталық біліктілікті арттыру курсы өтті (тренер – Даулетбаева Г.К.).

Педагогтер үш негізгі модул бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері;
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері;
  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Курс барысында тыңдаушылар «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша пилоттық білім беру ұйымы №59 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі тану» сабақтарына қатысты. А.У.Мамбетова, М.Ж.Канатова және А.Р.Жумабаева — «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Тыңдаушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ әкімшілігіне, тренерге ризашылықтарын білдірді.