Өрлеу сайты

Аймақтық вебинар: назарда латын графикасына көшу

Аймақтық вебинар: назарда латын графикасына көшу

Аймақтық вебинар: назарда латын графикасына көшу

2018 жылдың 21 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты 2018-2020 жж. арналған кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлескен түрде «Латын әліпбиіне көшу – рухани құндылықтар бастауы» тақырыбында аймақтық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты – латын әліпбиіне көшу жағдайында туындаған өзекті мәселелер мен әдістемелік ұсынымдарды талқылауға арналған пікірлесу алаңын құру. Вебинар модераторы – «Өрлеу» Қарағанды филиалының тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Смагулова К.К.

Вебинар жұмысына республиканың барлық аймағынан 90-ға жуық ұйым қатысты.

Вебинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері, Астана қ., Ақмола, Қарағанды облыстары әкімдіктерінің Ішкі саясат, Тілдерді дамыту басқармаларының өкілдері, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының зерттеуші ғалымдары, Астана қ., Ақмола, Қарағанды облыстарының жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері онлайн жүйесінде қосылды.

Жұмыс барысында баяндамаларымен сөз алғандар:

  • Әбдуәлиұлы Бекжан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. – «Латын әліпбиі жағдайындағы қазақ есімдерінің мәселелері».
  • Фазылжанова Анар Мұратқызы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы, ф.ғ.к. – «Жаңа емледегі жаңалықтар»;
  • Жәмбек Сәбит Нұрмұхамедұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к., профессор – «Латын әліпбиі – рухани құндылық, ол – заман талабы»;
  • Қалиев Бектұрсын Аманқұлұлы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. – «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі өзекті мәселелер»;
  • Ерқанат Кеңесбекұлы, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі бөлімінің басшысы – «Латын әліпбиіне көшудің бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуы»;
  • Алькенова Ботагөз Хамзақызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы – «Латынға көшу – қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтау»;

Вебинар соңында «еркін микрофон» режимінде қатысушылар мемлекеттік реформаға қатысты мұндай шаралардың маңыздылығын айта отырып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарына алғыстарын білдірді.