Өрлеу сайты

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

2018 жылдың 31 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен №48 мектеп-лицейінің базасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын насихаттау, жеңімпаздарын танымал ету мақсатында «Шығармашылық алаңы» атты қалалық семинар өтті. Семинарға 70 -ке жуық елорда мектептерінің технология пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар қонағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, топтамашы-этнограф, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Әдемі-Ай» компаниясының президенті, еңбегімен елге танылған абзал жан Бахаргүл Төлегенқызы өзінің еңбек жолы, жетістіктері туралы мазмұнды да тағылымға толы әңгіме өрбітті.

Бахаргүл Төлегенқызы – танымал топтамашы-этнограф, түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының жеке мұражайының иегері, Қазақ ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай» компаниясының президенті.

Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұлтымыздың аяулы қызы ұлт жанашыры ретінде мемлекет аясында да, шетелде де Қазақстанның тарихы мен өнерін дәріптеу ісіне, өскелең ұрпақты ұлттық дәстүр және құндылықтар рухында тәрбиелеуде өз үлесін қосып келеді.

«Шығармашылық алаңы» семинары жылы атмосферада, сұрақ-жауап форматында өтті. Аудиториямен белсенді байланыс орнап, қатысушылар танымал тұлғаның өмірі мен еңбек жолына деген қызығушылықтан туындаған сұрақтарына нақты жауаптар алып отырды.

 

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code