Өрлеу сайты

Өлкетану аспектісі — Teach-in

Өлкетану аспектісі — Teach-in

Өлкетану аспектісі — Teach-in

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жедел жоспары мен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018-2022 жылдарға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық жобасын іске асыру аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ 2018 жылдың 12 қазанында «Қоғамды рухани жаңғырту контекстінде педагогтердің біліктілігін арттыру: өлкетану аспектісі» тақырыбында қашықтықтан Оn-line режимінде Республикалық teach-in өткізді.

Teach-in — өзекті мәселелерді талқылау бойынша еркін пікірталас. Teach-in шарасында орта білім беру ұйымдарының ең үздік педагогикалық өлкетану тәжірибесін педагогтермен ашық талқылауын зерттеу және трансляциялау үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламасына сәйкес мектеп педагогтерін қоғамды рухани жаңғырту идеяларымен таныстыру, қоғамды рухани жаңғырту жағдайында білім беру ұйымдарының өлкетану қызметінің тәрбиелік әлеуетін дамыту, мектепте өлкетану жұмысын ұйымдастыру бойынша ең үздік педагогикалық тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді анықтау бойынша ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Шараға 2500 –ден астам педагог қызметкер қатысты, соның ішінде атап өтетін болсақ, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының ПОҚ тренерлері, орта білім беру ұйымдары мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері белсене атсалысты. Сондай-ақ, пікірталасқа ЖОО ғалымдары, «Рухани жаңғыру» штабының өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері, ПОҚ және мектепте өлкетану жұмыстарының қызықты және тиімді идеяларын жүзеге асырушы автор-мұғалімдер шақырылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы ПҚ БАИ директоры Л.А. Саинова Teach-in шарасына алғы сөзін арнады. Шара барысында «Новые подходы в формировании краелюбия у обучающихся в рамках программы «Рухани жаңғыру» тақырыбында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқаруды жобалау офисі орталығының менеджері Л.А. Барон, «Краеведческий подход как важный фактор патриотического воспитания молодежи» тақырыбында Астана қаласы Еуразия гуманитарлық институты колледжінің оқытушысы Р.К. Садыкова және филалдардың тренерлері мен білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері баяндама жасады.

Шара соңында нақты пікірлер бойынша ұсынымдар қабылданды.