Өрлеу сайты

«Өрлеу» БАҰО» Астана филиалы Президент жолдауын жоғары серпінмен қолдады!

«Өрлеу» БАҰО» Астана филиалы Президент жолдауын жоғары серпінмен қолдады!

«Өрлеу» БАҰО» Астана филиалы Президент жолдауын жоғары серпінмен қолдады!

2018 жылдың 8 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жариялаған Жолдауын талқылау мақсатында жиналыс өтті.
Филиал директоры Л.А. Саинова Жолдаудың «Тұрмыс сапасын арттыру» бөліміндегі қазақстандықтардың сапалы және қол жетімді білім алу, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне қатысты тұстарына жете тоқталып, қызметкерлер назарын аударды.
Институт ұжымы Елбасы Жолдауын асқан шабытпен қабылдады. Кафедра оқытушылары мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері Жолдаудың әлеуметтік салаға қатысты өзекті және сұранысқа ие негізгі ережелерінің болуы уақтылы көрсетілгенін және серпін беретінін атап өтті.
Президенттің 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігі жөніндегі бастамасы да жоғары қолдау тапты. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша филиалда атқарылатын ісшаралар жоспарымен директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ә.И.Чокушева таныстырып өтті.
Институт қызметкерлері Елбасы бастамасын бірауыздан қолдап, алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауда жетістікке жетуді қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді.