Өрлеу сайты

«Өлең, мен сені аялап өтемін» поэзия кеші

«Өлең, мен сені аялап өтемін» поэзия кеші

«Өлең, мен сені аялап өтемін» поэзия кеші

2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша «Үш тілдік білім беруді дамыту» іс-шаралар жоспарына сәйкес филиал қызметкерлерінің қатысуымен «Өлең, мен сені аялап өтемін» атты поэзия кеші өткізілді. Институттың Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі Б.Ғ. Ғалымжанов сөз сөйлеп, кештің тақырыптық мақсаты мен мазмұнына тоқталды.

Шараның мақсаты ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін ұлықтау. Поэзия арқылы ұлттық рухты көтеру болды. Аталған кеште институт қызметкерлері өздерінің шығармашылық өлеңдерін, қолжазбаларынан үзінділер оқи отырып, тіл мәселесіндегі ойларын ортаға салып, ой бөлісті.