Өрлеу сайты

«Рухани-жаңғыру: отбасында, кіші Отанда және балалар әдебиетінде туған армандар»

«Рухани-жаңғыру: отбасында, кіші Отанда және  балалар әдебиетінде туған армандар»

«Рухани-жаңғыру: отбасында, кіші Отанда және балалар әдебиетінде туған армандар»

2018 жылдың 4 мамырында «Өзін-өзі тану» АРББ бағдарламасы бойынша пилоттық жоба іске асырылып отырған №9 «Нұршашу» балабақшасының базасында «Рухани-жаңғыру: отбасында, кіші Отанда және балалар әдебиетінде туған армандар» атты семинар өтті. Қаланың мектепке дейінгі алты білім беру ұйымы қатысқан іс-шара барысында филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ профессоры Н.Ж. Шаймерденова «Оқимыз, сурет саламыз және бірге армандаймыз» жобасы туралы ақпаратпен таныстырса, филология ғылымдарының кандидаты, № 9 «Нұршашу» балабақшасының әдіскері Ж.Д. Маликова «Адамгершілік-патриоттық тәрбие» кластерін жүзеге асыру туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға Жеңіс күніне арналған «Гүлдер ханшайымы» ертегісінің театрландырылған қойылымы көрсетіліп, дайындық тобында сабақ өтті. Семинар соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» АРББ бойынша тренері Н.А.Клименко сабақта әдістемелік әдістерді қолдану бойынша ұсыныстар берді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code