Өрлеу сайты

Астана: Педагогикалық шеберлікті шыңдау – уақыт талабы

Астана: Педагогикалық шеберлікті шыңдау – уақыт талабы

Астана: Педагогикалық шеберлікті шыңдау – уақыт талабы

2018 жылдың 23-28 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері үшін педагогикалық шеберлікті шыңдау мақсатында «Педагогикалық процесте векторлы психологияны қолдану» тақырыбында 36 сағаттық оқыту курсы өткізілді. Жүйелік-векторлық психология — адамды тану, оның қалауы, туабіткен қасиеттерін дамыту және жүзеге асыру жолдары, адам физиологиясы мен жеке өмірінде туындайтын жағдайлардың өзара байланысы, адамның ұмтылысы мен әрекетінің табиғатын терең түсіну, сондай-ақ қоғамда бейімделу жолдары мен әртүрлі адамдармен қарым-қатынасты үйлесімді құру принциптерін игеру туралы білім. Институт мұғалімдері мен бөлім мамандары педагогикалық шеберліктерін шыңдауға үлес қосқан және жеке өмірде де, кәсіби салада да қажет әмбебап білімді зор қуанышпен қабылдады. Курс барысында әр тыңдаушы өзінің туабіткен ерекшеліктерін ашып, психологиялық векторын анықтады. Әрқайсысы өзінің жеке дамуы мен кәсіби тұрғыда алға басуына байланысты өздерін толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап тапты. Мұғалімдер мен тренерлер оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктеріне әсер ететін құндылықтар жүйесін зерделеу бойынша тренингтер өткізуді қолға алып, алған білімдерін қала педагогтерімен бөлісуді көздеп отыр.