Өрлеу сайты

STEM оқытуды іске асыруда практикалық тәжірибе

STEM оқытуды іске асыруда практикалық тәжірибе

STEM оқытуды іске асыруда практикалық тәжірибе

2018 жылдың 20-22 сәуірінде Алматы қаласында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі «Өрлеу» БАҰО» АҚ қолдауымен Орталық Азияның жаратылыстану-математикалық пәндері мен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Teaching the Language of Science, Math and Technology: STEM and EFL» тақырыбында конференция өткізді.

Конференцияға Тәжікстан, Қырғызстан, Америка Құрама Штаттарынан ағылшын тілі пәнінің оқытушылары қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ұсынысымен конференция аясында жаратылыстану-ғылыми бағытының мұғалімдеріне арналған пәндік-тілдік біліктілік арттыру курсын бітірген, «Зерде» дарынды балалар мектебінің физика пәні мұғалімі Құлжанов Батырбек физика пәнін оқытуда инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы шағын-сабақ өткізді.

Конференцияға қатысушылар секциялық сабақтарда STEM технологияларын қолдана отырып оқытудағы тәсілдерді жетілдіру бойынша жақын және алыс шет елдерден келген әріптестерімен инновациялық тәжірибелермен алмасты.