Өрлеу сайты

Астана: Холокост балалар көзімен

Астана: Холокост балалар көзімен

Астана: Холокост балалар көзімен

31 қаңтарда Астана қаласының №47 мектеп-гимназиясында Холокост құрбандарын еске алу төртінші рет аталып өтті. «Холокост балалар көзімен» деп аталған іс-шараға Израиль Миссиясы Басшысының орынбасары А. Браверман, Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің бірінші хатшысы В. П. Бондарь, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» АРББ тренері Н.А.Клименко қатысты.
Шақырылған қонақтар мен ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай іс-шара тек құрмет көрсету ғана емес, бұл аман қалғандарға жанашырлық таныту және Холокост құрбандарын еске алу, сонымен қатар антисемитизмге, нәсілшілдікке қарсылық, төзушілік, адамгершілік танытуға, барлық халықтардың бейбіт өмір сүруі мен адам құқықтарын қорғауға ұмтылу.
Шараны ұйымдастыру мен өткізуде мектеп оқушылары үлкен үлес қосты. Өлең, ән, би, сахналық қойылымдар, шырақ жағу рәсімі, сондай-ақ «Мальчик в полосатой пижаме» және «Сталинге сыйлық» фильмдерінен үзінділер көрсетілгені ересектер мен балаларға үлкен эмоциялық әсер қалдырды.