Өрлеу сайты

Педагогикалық идеяларды зерттеу – рухани жаңғыру көзі

Педагогикалық идеяларды зерттеу –  рухани жаңғыру көзі

Педагогикалық идеяларды зерттеу – рухани жаңғыру көзі

ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Республикалық іс-шаралар желілік кестесіне сәйкес «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Педагогикалық идеялар панорамасы» диалог алаңын өткізді (2018 ж. 29 қаңтар).

Институт директоры Л.А.Саинова, диалог алаңына қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі, өз сөзінде Елбасының мақаласы алдағы жылдарға қазақстандық ұлттардың қозғалыс векторын береді,  өйткені белгіленген жаңғырту ең алдымен, сана мен ойлаудың жаңа моделін құруға байланысты мәселелерді қозғайды деп атады.

Іс-шараға «Отаным-тағдырым» базалық бағыттары менеджері Л. А. Барон, Астана қаласы Білім басқармасының «Білім беруді жаңғырту орталығының» директоры Г.К.Ибраева, Қазақстандағы скаут қозғалысының президенті, «Ұлы дала скауттары» Республикалық жобаның үйлестірушісі И. Катенов, сондай-ақ мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру басшылары мен мұғалімдері, аймақтық ПҚ БАИ кафедраларының оқытушылары мен бөлім мамандары қатысты (131 адам).

Диалог алаңының аясында ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық идеяларын, «Отаным — тағдырым», «Туған жер» арнайы жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының базалық бағыттарын қатар жүйелі жүзеге асыруда өскелең ұрпақтың патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибе қаралды.

Аймақтық талқылау қорытындысы бойынша практикалық ұсыныстар қабылданды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда озық педагогикалық идеялар электрондық жинағын «Өрлеу» БАҰО АҚ orleuastana.kz сайтында «Рестурстар каталогы/Баспа өнімдері» бөлімінде орналастырылған.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖИНАҒЫН ЖҮКТЕУ