Өрлеу сайты

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ НЕГІЗІ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ НЕГІЗІ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ НЕГІЗІ

2017 ж. 15 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қ. бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстанның жаңғыруының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асыру бойынша Республикалық штабының, қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстарының, оқушыларға қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, институт оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды.

«Отаным-тағдырым» негізгі бағыты бойынша менеджер Барон Л. А. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін ашып берді.

М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының әдіскері, жастар мен балаларға бейресми білім беру Еуропалық ассоциациясының бақылау комиссиясының төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Рябова В.И. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қосымша білім беру саласында жүзеге асыруға педагогтердің дайындығы туралы айқындап берді.

Қазақстандағы скауттық қозғалысының президенті, «Ұлы дала скауттары» республикалық жобаны үйлестіруші Катенов Ельдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртудың ұлттық білім беру бағдарламасының жобасын ұсынды.

Клименко Н.А. «Өзін-өзі тану» РӘББ тренері «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру ерекшеліктерін сипаттап берді.

№22 мектеп-гимназиясы директорының бейінді оқыту бойынша орынбасары Столярова Т.М. және №59 мектеп-гимназиясы әдістемелік бірлестіе жетекшісі Ибраева Л.К. бағдарламаны мектепте іске асыру тәжірибелерімен бөлісті.

ББ ППҚ кафедрасының аға оқытушысы Нұрмағамбетова Ж.С. «Туған жер» бағдарламасының өлкетанулық негіздерін айқындап берді.

Талқылау барысында білім саласында және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары анықталды және ұсыныстар қабылданды.