Өрлеу сайты

Болашаққа бағдар

Болашаққа бағдар

Болашаққа бағдар

2017 жылы 11 желтоқсанда №22 мектеп-гимназияда «Болашаққа бағдар: инновациялық іс-әрекет арқылы мектепке оқыту және тәрбиелеу ортаны қалыптастыру» форсайт-семинары өтті. Семинардың мақсаты: мектеп ұжымының тәжірибесін ұсынып, әріптестермен диалог арқылы рефлексиялау. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ өкілдері, Астана қ. мектеп директорлары мен мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.

Іс-шара әдеттен тыс: шақыру, ұғыну, рефлексия форматында өтті. Мектеп директоры Б.К.Жунусова семинардың ашылуында мектептің инновациялық жаңа бағыттарын, атап айтқанда:

  • «Бақытты ел» оқушылардың өзін-өзі басқаруды енгізу бойынша жобасы.
  • «Ұлы даланың Скауттары» білім беру бағдарламасының жобасы.
  • «Қазақстанның 100 тұлғасы» жобасы
  • «Lesson Study арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқу әдісін жетілдіру» жобасы туралы баяндады.

Кластер бойынша жүргізген зерттеу сабағы семинарға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Барлығы 10 кластер көрсетілді.