Өрлеу сайты

Астана: «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Астана: «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Астана: «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференция

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Операциялық жоспарға сәйкес 2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының 5-жылдығына орай «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты: оқытудың инновациялық технологияларын түсіну мен қолдану арқылы профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату.

Конференцияның жұмысына «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының басшылары, профессорлық-оқытушылар және тренерлер құрамы, бөлім мамандары, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының базасында біліктілігін арттыру курстарынан өткен білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Барлығы 273 адам.

Конференция Blended түрінде ұйымдастырылды. Сырттай кезеңінде қашықтықтан байқаулар өткізілді: педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, оқу сабақтарының үздік әзірлемелері (шебер-сынып, коучинг, тренинг, іскерлік ойын және т.б.) және «Өрлеудің» үздік оқытушысы» Республикалық байқауы. Қатысушылардан түскен сабақ әзірлемелерін, ғылыми мақалаларды және баяндамаларды талқылау және жариялау үшін филиалдың сайтында Web-алаң жұмыс істеді.

Конференцияның пленарлық бөлімінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының м.а. Саинова Людмила Александровна «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады. Байхонова Сәуле Зайтанқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты «Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда инновациялық технологиялардың рөлі» тақырыбында баяндамасын ұсынды. Астана қаласы Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің директоры Іргебай Ербол Іслямұлы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мұғалімнің курстан кейінгі кәсіби дамуы» тақырыбында баяндамасымен бөлісті. Астана қаласы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, Балалар мен жастарға бейресми білім берудің Еуропалық Ассоциациясы бақылау комиссиясының төрағасы, п.ғ.к. Рябова Валентина Ивановна «Инновациялық қызмет қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. №26 «Үміт» балабақшасының меңгерушісі Сажнова Зинаида Ибрагимовна «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мектепке дейінгі ұйымдарының білім сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбындағы баяндамасын қатысушылар назарына ұсынды.

Пленарлық бөлімі аясында «Өрлеудің» үздік оқытушысы — 2017» Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға барлық 17 филиалдың профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Жеңімпаздар номинациялар бойынша диплом, грамоталармен марапатталды.

І орын — Сейлхан Айгүл Қауатайқызы – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ «Білім беру сапасы мен басқару» кафедрасының аға оқытушысы, тренер.

ІІ орын — Давлеткалиева Елизавета Султановна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы, «Тиімді оқыту» бағдарламасының тренері.

ІІІ орын — Турдахунова Куляйхан Катебаевна – ДБО тренері, ББЖ КБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы.

Номинациялар бойынша:

«Әдіскер – педагог»:

  • Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы — «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ ИТГЖПОӘ кафедрасының аға оқытушысы, тренер.
  • Мускина Айнур Нурлановна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, аға оқытушы, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері.

«Жаңашыл – педагог»:

— Клименко Наталья Александровна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері.

— Петрова Лариса Борисовна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қ. бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы.

«Педагог – зерттеуші»:

— Мыханова Орынкул Жуматаевна – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ ИТГЖПОӘ кафедрасының аға оқытушысы.

— Евсюкова Татьяна Анатольевна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы.

«Шығармашыл – педагог»:

Рамазанова Агуза Далабаевна — «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ИТГЖПОӘ кафедрасының аға оқытушысы, тренер.

  • Жалмуханова Жанылсын Утегеновна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы.

Конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша секциялармен жалғасты:

  • білім беру мазмұнын жаңарту: оқыту технологиялары және бағалау;
  • педагогтердің біліктілігін арттырудағы АКТ;
  • үш тілде білім беру және мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар.

Филиалдың оқытушылары, тренерлері және білім беру ұйымдарының педагогтері шебер-сыныптар көрсетті: Н.З.Акульбекова («Өрлеу» БАҰО АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ), Т.А.Кардашова (ҚММ «Гимназия БЭСТ», Петропавловск қ., СҚО), Л.Я.Пырлик және Н.Н.Вагапова («Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қ. бойынша ПҚ БАИ), А.К.Сейлхан («Өрлеу» БАҰО АҚФ Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ), Б.С.Дюсембинова («Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қ. бойынша ПҚ БАИ), Е.Н.Аяшов (Астана қ. № 47 МЛ) және М.А.Аскарова («Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қ. бойынша ПҚ БАИ), О.Т.Хамитова («Өрлеу» БАҰО АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ), Р.А.Муканова («Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ), А.К.Алатаева (Астана қ. № 3 МГ), Б.К.Бугинас (Астана қ. Оқушылар сарайы), А.К.Болебаева (Астана қ. № 48 МЛ), Г.Н.Итолина (Астана қ. № 48б/б).

№7 «Аққу» балабақшасының, №37 «Арман» балабақшасының, №22 мектеп-гимназиясының, №48 мектеп-лицейінің оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша экспериментальді алаңдарына баруы конференцияның қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Э.С.Прохорчик (№ 22 МГ), С.Е.Сарсенбаева (№ 48 МЛ), Д.А.Сапахова (№ 48 МЛ) мұғалімдері, Ж.У.Шайхина және Ш.А.Алшимбаева (№7 б/б), Л.А.Каржавова (№ 37 б/б) тәрбиешілері ашық сабақ көрсетті.

Тренерлер, шебер-сыныптарды өткізгендер алғыс хатпен марапатталды.

Конференцияның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, электронды жинақ шығарылды. Конференция қатысушыларына сертификаттар берілді.