Өрлеу сайты

Айтылым және тыңдалым дағдылары: белсенді оқу

Айтылым және тыңдалым дағдылары: белсенді оқу

Нуржанова Раушан  Малдыбайқызы
ФАО «НЦПК «Өрлеу»
ИПК ПР по Костанайской обл.

 Күні: 09.02.17ж. Коучинг
Сабақтың тақырыбы: Айтылым және тыңдалым дағдылары: белсенді оқу
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Сауат ашу пәнінің бағдарламасы

Жалпы мақсаттары:      «Сауат ашу» пәнін оқытуда айтылым және тыңдалым дағдыларын дамыту тәсілдерімен танысу, белсенді сабақ жоспарлау
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұғалімдер тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамыту тәсілдерін меңгеріп, «сауат ашу» пәнінің сабағын жоспарлауға үйренеді.
Пайдаланған әдіс тәсілдер 1.Тренинг                   2. Топпен жұмыс

3. Жеке жұмыс          4. Кері байланыс

Қажетті құралдар Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер, бейнеролик, слайдтар
Коучинг  сессия өткізу кезеңі уақыты       Коучтың  іс-әрекеті Мүғалімдердің  іс-әрекеті
Психологиялық ахуал

Тренинг

2 мин Тыңдаушылармен амандасу.

Әрбір қатысушы өз көршісіне: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі … .»

   Тыңдаушылар өз көршілеріне  мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтайды.
Сабақтың мақсатын айту. 1 мин Сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын.
Уақыт шеңбері 3 мин  Айтылым дағдысын дамыту тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталатынын, тыңдалымның мақсаты оқушыны аудиожазба  мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, кез келген сөйлеушінің сөзін еш кедергісіз, қиындықсыз ұғынуға, тілді  түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету. есту арқылы түсіну Мұғалімдер шеңберге тұрып, айтылымға қатысты  сөйлемдер айтады. 1-мұғалім бір сөйлем айтады, 2-мұғалім сол сөйлемді қайталап, өз сөйлемін айтады. 3-мұғалім әрі қарай жалғастырады.

Мысалы, оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру үшін, түрлі жаттығулар ұйымдастыру керек.

Топқа бөлу

(4 түрлі сурет)

1 мин Суреттер арқылы топқа бөлу Тыңдаушылар суреттер арқылы төрт топқа бөлінеді.
Бейнероликпен жұмыс 3 мин Мұғалімдерге бейнесінсіз бейнеролик дыбысын естірту. Дыбысқа қарай бейнероликтің

не туралы екенін сұрау.

Топтарда бейнероликті тыңдау арқылы үстірт тыңдалым, әңгіме барысындағы тыңдалым,белсенді тыңдалым, терең тыңдалым туралы ой қозғалады, постерге жазады.
     Слайдпен жұмыс

 

 

3 мин

Слайдтан сурет көрсетемін. Сурет бойынша әңгіме құрастыртамын.

Сұрақ: Тапсырманы сауат ашу сабағында қалай қолдануға болады? Осындай тапсырма қандай дағдыларды дамытуды көздейді? Сабақта осыған ұқсас қандай тапсырмалар ұйымдастыруға болады?

 

Әр топ құрастырған әңгімелерін айтады. Кейін қойылған сұрақтарға дәлелді жауап іздестіреді.

  

Топтық жұмыс

 

6 мин

Топтарға «Сауат ашу Оқыту әдістемесі» оқу құралын беремін.

Сауат ашу әдістемесі. 1-бөлiм. Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған /Ә.Е.Жұмабаева,М.Н.Оспанбекова. -Алматы:Атамұра, 2016.-24,42,46 б.

Сауат ашу әдістемесі. 2-бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған/Ә.Е. Жұмабаева, М.Н. Оспанбекова. – Алматы:Атамұра, 2016.- 52,60,68 б.

Мұғалімдер сауат ашу Оқыту әдістемесі құралының 1,2 бөлімдерімен танысады. Топтар арасында өз тәжірибелерінде қалай пайдалануға болатындарын талқылайды.

Өздеріне белгілі мәліметтерімен топта  талқылап отырады.

 Жеке жұмыс 5 мин «Жүйелі әдістемелік кешен» порталынан (http://smk.edu.kz/) сабақ жоспарларының үлгілерімен танысады.

 

Пәнге байланысты үлгі ретінде берілген қысқа мерзімді сабақ жоспарларымен танысады, өз қорытындыларын жасайды.
Аудиоматериалмен жұмыс 3 мин Сауат ашудың 1 бөлімінде тыңдауға берілген аудиодискіні тыңдауға  ұсынамын.

Сұрақ: бұл материалды сабақта қалай қолданар едіңіз?

Мұғалімдер ұсынылған тыңдалым материалдарын  тыңдайды,

оларды  оқу мақсатына байланысты қалай қолдануға болатынына көз жеткізеді.

Бекіту 2 мин Сауат ашу пәніндегі тыңдалым мен айтылымның маңызын айтқызу  

Кестесін таратып беремін. Әр топ жеке толтырады.

Кері байланыс 1 мин «3,2,1» стратегиясы бойынша коучингті қорытындылау