Өрлеу сайты

«Арман» авторлық бағдарламасы бойынша атқарылған тәжірибелік-зерттеушілік жұмыс нәтижелерін қорытындылау

«Арман» авторлық бағдарламасы бойынша атқарылған тәжірибелік-зерттеушілік жұмыс нәтижелерін қорытындылау

«Арман» авторлық бағдарламасы бойынша атқарылған тәжірибелік-зерттеушілік жұмыс нәтижелерін қорытындылау

2017 жылдың 12 мамырында Астана қаласындағы №37 «Арман» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында арт-терапия әдістерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты — «Арман» авторлық бағдарламасы бойынша атқарылған тәжірибелік-зерттеушілік жұмыс нәтижелерін қорытындылау.

Тәжірибелік-зерттеушілік алаңның ашылуы, ондағы атқарылып отырған жұмыстар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қолдауымен мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтер ұжымының бірлескен жұмыс нәтижесі болып табылады. Тәжірибелік жұмысқа қатысқан барлық педагогтер «Балапан» бағдарламасы бойынша қайта даярлау курстарында білімдерін жетілдірген. «Арман» балабақшасының меңгерушісі Р.И. Абдрахманова қатысушыларды қарсы алып, семинарға қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Келесі кезекте сөз алған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л.А. Саинова құттықтау сөзінде семинар қатысушыларына шығармашылык табыс тілеп, алғыс білдірді. Ғылыми семинарға құрметті қонақтар қатарында «Жұлдыз» БҚБО ҚБ Президенті Е.А. Дмитриенко және Білім басқармасының мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Семинар шеңберінде балалар дайындаған қызықты мультфильм презентациясы және «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі көрсетілді. Үш жылдық тәжірибелік-зерттеушілік жұмыстарға қорытынды жасалып, әдістемелік нұсқаулар дайындалды.

Семинар соңыңда пікір алмасу өтіп, нақты нәтижелеріне баға беріліп, келешекте бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.