Өрлеу сайты

«Үш тілде білім беруді енгізу — бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы (білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді үш тілде оқыту тәжірибесінен)» атты қалалық семинар туралы анонс

2016 ж. 10 қарашада «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе «Үш тілде білім беруді енгізу — бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы ретінде (білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді үш тілде оқыту тәжірибесінен)» тақырыбында қалалық семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді оқытуды енгізу бойынша эксперименттік тәжірибені көрсетілім арқылы оқу пәндерін оқыту және сыныптан тыс шараларды өткізуді үш тілде ұйымдастырудың тиімді әдістерін талқылау.
Білім беру ұйымдарының педагогтері №48 мектеп-лицейдің «Үш тілде оқыту» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік алаңының педагогикалық зертхана қатысушыларының жұмысына қатыса алады.
Семинар жұмысына қатысуға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері шақырылады. Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне [email protected] электрондық поштасы арқылы сұраныстар жіберу қажет. Семинар жұмысына қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Семинар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Семинардың өткізілу орны: №48 мектеп-лицей, Жирентаев көш. 15/2
Басталу уақыты:  сағат 09.30

Пікір қосу