Өрлеу сайты

«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ!» тақырыбымен Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық Тамыз педагогикалық кеңесі

«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ!» тақырыбымен Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық Тамыз педагогикалық кеңесі

«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ!» тақырыбымен Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық Тамыз педагогикалық кеңесі

17 — 18 тамыз аралығында Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде «БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ!» тақырыбымен Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық Тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Ісшараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өткізді.

Конференция жұмысының 17 сессиясында білім саласының келесі басым бағыттары бойынша: «Жаһандану жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту», «Критериалды бағалау және электронды құжаттама жүйесін енгізу», «Мектепалды: бағдарламалардың мазмұнын жаңарту», «Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың жаңа аспектілері», «Білім беру мазмұнын жаңарту тұрғысындағы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы», «Жаңа ҰБТ форматы және жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жалпы білім беретін мектептерді бітірушілерді қорытынды аттестаттау», «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы тұрғысында балаларға қосымша білім беру», «Білікті маман – болашақ кепілі», «Кадрларды даярлау сапасын арттыру факторы ретінде академиялық ортадағы инновациялар», «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында арнайы және инклюзивті білім беру», «Білім беру саласында мемлекеттік саясатты насихаттауда коммуникацияның рөлі», «Мемлекеттік тілді оқытудың ерекшеліктері», «Үш тілді оқыту: қазақстандық тәжірибе және шетелдік моделдер», «Білім сапасын арттыру жағдайында СБР, «Күнделік» бірыңғай жүйесін және BILIMLAND платформасын енгізу», «Білім беру ұйымдарының тәрбиелік бағдарламаларындағы «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының негізгі құндылығы», «Мамандандырылған мектеп: проблемалары және болашағы», «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру» тақырыптары талқыланды.

Конференцияның 17 сессиясында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру» тақырыбы бойынша сессия модераторлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма Төрағасы Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы келелі мәселелерді көтерді. Сонымен қатар аудандық, қалалық білім басқармаларының басшылары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының директорлары мен қызметкерлері сессия жұмыстарына белсене қатысты.

Сессия жұмысы барысында білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың кәсіби дамуы, педагогикалық менеджментті жетілдіру, жаңа МЖМББС енгізу жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дамуы процесінде жұмыстың белсенді түрлерін қолдану сұрақтары, педагогикалық квалиметрияның жаңа әдістері, тіл мен пәннің кіріктіріліп оқыту әдістемесінің ерекшеліктері және басқа да сұрақтар қарастырылды.

Сессияның қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Пікір қосу