Өрлеу сайты

Оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар қандай болуы керек?

Оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар қандай болуы керек?

Оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар қандай болуы керек?

2016 жылдың 22.01. күні сағат 10.00-де «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Астана қ, бойынша ПҚБАИ-ның ұйымдастыруымен «Оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар қандай болуы керек?» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Бұл тренингті өткізген ДБО тренері Б.Ғ.Ғалымжанов. Тренинг мақсаты: тапсырма таңдаудың тиімді жолдарын үйрену және педагогтардың тәжірибесін жетілдіру. Тренингке Астана қаласы Білім басқармасының екі әдіскері және қала мектептерінің 25 жаңа форматтағы мұғалімдері қатысты. Тренинг барысында бағдарлама идеясын жүзеге асыру жағдайына шолулар жасалып, бұдан әрі тапсырма түрлерін қалай жаңартуға, өзгертуге, түрлендіруге болатыны жөнінде талқылаулар мен ұсыныстар берілді. Мұғалімдер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

021Тренинг соңында тапсырмалар ұсынудың түрлі жолдары ұсынылып, практикада тиімді қолданудың жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, желілік қауымдастықтың жұмысы туралы да біраз мәліметтер беріліп, талқыланды. Алдағы уақытта мұғалімдердің сұрауы бойынша осындай тренингтер жиі болып тұрса деген өтініштер білдірілді. Ол тренингтер әр мектепте бөлек- бөлек ұйымдастырылса деген ұсыныстар да айтылды. Мұғалімдер тренингтен тың идея, жаңаша көзқарастар алғанын қуанышпен жеткізе отырып, практикада ендіруге тырысатындықтарын жеткізді.

017

027