Өрлеу сайты

ӘР БАЛА МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ЛАЙЫҚТЫ!

ӘР БАЛА МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ЛАЙЫҚТЫ!

ӘР БАЛА МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ЛАЙЫҚТЫ!

2015 жылдың 4 қыркүйегінде «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы «Болашак» корпоративтік қоры ұйымдастырған «Қазақстандағы аутизм ауруы бар балалардың инклюзивтік білімі: озық халықаралық тәжірибе, болмыс пен болашақ » халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері; жалпы білім беретін мектептердің директорлары; Оңалту орталықтары мен түзету кабинеттерінің қызметкерлері; үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар; мектептің және арнайы ұйымдардың мұғалімдері, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.

SAM_0371

Құттықтау сөзімен конференция модераторы, «Болашак» корпоративтік қорының директоры Д.К. Чайжунусова сөз сөйледі. Динара Капланқызы қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы аутизм ауруы бар балаларға арналған инклюзивтік білім беру туралы жаңа жобасымен таныстырды.

Қатысушылар ҚР БжҒМ жауапты хатшысы Галимова Әлия Қайратқызының мақаласын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Бұл мақалада Қазақстандағы инклюзивтік білім берудің жағдайы толық сипатталған. «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы  Ш.А. Булекпаева аутизм ауруы бар балалармен жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдеріне тоқталды. Жыл сайын Орталықтың қызметкерлері халықаралық деңгейдегі мамандардан біліктіліктерін арттырады. Қызметкерлердің оқуына ерекше назар аударылады, бұл Оңалту орталығы аясында аутизм ауруы кезінде скринигті, диагностика әдістері мен түзетулерді қолдануға мүмкіндік береді.

SAM_0354

«Қазақстанда аутизм ауруы бар балаларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету» тақырыбындағы баяндамасымен Phd докторы, Иерусалим универститеті мен Финляндия универститетінің профессоры, халықаралық арнайы білім беру мен қызмет көрсетудің бүкіләлемдік ассоциациясының директоры Томас Питер Гумпель сөз сөйледі.

Барлық сөз сөйлегендер конференция қатысушыларын мүмкіндіктері шектеулі балаларды жақсы көруге және оларды қоғамның толық мүшесі ретінде қабылдауға шақырды. Профессор аудиторияға көптеген сұрақтар қойды: осы балаларды оқыту мүмкін бе? осындай балалар үшін бөлек бағдарламалардың жүйеленуі мүмкін бе? Кім кімге бейімделу керек және балалармен жұмыс істеу барысында жетістіктерді қалай анықтауға болады?

Конференцияда «Аутизм ауруы бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге енгізу» жобасының эксперттері А.Р. Ризванова, Инновациялық оңалту басқармасының басшысы А.А.Құдайбергенова сөз сөйледі.

Баяндамашылар сөз сөйлегеннен кейін залда Қазақстандағы инклюзивтік білім беру жағдайы туралы қызу талқылау өтті. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының мамандарына ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалармен жұмыс істеуге арналған мамандардың дайындықтарына ерекше назар аударылды. Конференция барысында жемісті пікір алмасу мен  өзара тәжірибе алмасу өтті.