Өрлеу сайты

Табысты мектепке қадам жасау

Табысты мектепке қадам жасау

Табысты мектепке қадам жасау

2015 жылдың 25 тамызында Астана қ. Медиа Орталығында «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл – мектеп табысының кепілі» атты Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің Тамыз Кеңесі өтті.

CAM014381

Жыл сайынғы кеңеске Астана және Алматы қ.қ., облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармаларының, білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшылары, мектеп, колледж директорлары, ЖОО ректорлары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма басшылары мен өңірлік филиалдарының директорлары, әдіскерлер, ата-аналар қоғамының, кәсіби одақ пен ҮЕҰ өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар қатысты.

Педагогтардың, ғалым мен мемлекеттік, қоғам ұйымдары өкілдерінің  дәстүрлі тамыз кеңесі жаңа оқу жылына бағытталған нақты міндеттерді анықтайтын республиканың маңызды оқиғасы болып табылады. Педагогикалық қоғам алдында Премьер-министр орынбасары Б. Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Б. Әйтімова, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ басқарма төрағасы К. Шәмшідинова және басқалар баяндама жасады.

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бастауыш білім берудің жаңа стандартын енгізу және 30 қазақстандық пилоттық мектептерде білім беру мазмұнын жаңарту бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі туралы айтты. Министр «Білім беру мазмұнын жаңарту – бұл  оқыту бағдарламалары мен әдістерінің құрылымын қайта қарау. Мұғалімге ойлау енжарлығын жеңу, оқушымен бірге оқу, оқушы қабылдауын өзгерту, авторитарлық оқытудан ынтымақтастық оқытуға көшу керек», — деп айтты. Сонымен қатар, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыруы мұғалімдер жүктемесін қысқартуға, оларды күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудан құтқаруға мүмкіндік беретіні туралы айтылды. Негізгі орта білім беру стандартының ерекшелігі негізгі білімнің аяқталуына бағытталу болып табылады.

CAM01452

Премьер-министрдің орынбасары Б. Сапарбаев өз сөзінде қазіргі білім берудің жағдайына баға беріп, өзекті мәселелерді сипаттап өтті: ҰБТ ұйымдастыру және өткізу, дуальды білім беруді енгізу, ұлттық ЖОО проблемалары, оқушылардың қосымша білім берумен аз қамтылу, мемлекеттің ғылыми кадрларын дайындау.

CAM01472

ҚР Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова 12 жылдық жалпы орта білім беруге қолдау көрсетті және бұл жұйенің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік беретіні туралы айтты.

CAM01453

К.Н. Шәмшідинова мұғалім-зерттеушінің жетекші рөліне көңіл бөлді және қазіргі педагогтың кәсіби біліктілігін сапалы түрде арттыру қажет екендігін айтты.

2015-2016 оқу жылында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту басталады. Білім беру үдерісіне «100 қадам» Ұлт жоспары аясында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу мәселелеріне, «Мәңгілік Ел» білім беру және тәрбие орталықтарының жұмыстарына аса назар аударылды. Білім беру мазмұнын жаңарту ЖОО мен колледж бағдарламаларында да жоспарланған. Осы ақпаратпен п.ғ.д., профессор, ҒА мүшесі Ф.Ш. Оразбаева сөз сөйледі.

Кеңес соңында министр Аслан Сәрінжіпов мемлекеттің жетекші педагогтарын «ҚР білім берудің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» атты төс белгілерімен марапаттады, қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады, жемісті жұмыс, шығармашылық табыс тіледі.