Өрлеу сайты

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда апробацияның рөлі

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда апробацияның рөлі

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда апробацияның рөлі

2015 жылдың 24 тамызында Астана қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республиқалық педагогикалық тамыз кенесі аясында «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда апробацияның рөлі»  сессиясы өтті.

f9adbb

Сессия жұмысына ҚР БҒМ өкілдері, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының директорлары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері, 30 пилоттық мектеп директорлары, білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшылары және т.б. қатысты.

22IMG_1900

Конференция қатысушыларға мектеп ішінде экскурсия жүргізіліп, Назарбаев Зияткерлік мектептері қызметі туралы фильм көрсетілді.

Сессияны Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаев ашты.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н.Шәмшидинова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті Ж.О.Жылбаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары Ж.Ж.Қабдыкәрімова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы; Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің директоры М.А.Жәкенов, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің директоры Р.М.Якупов және пилоттық мектеп директорлары баяндама жасады.

Жарыс сөздерде облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармалары мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің ұйымдастыру-әдістемелік менеджментінің диагностикасы, білім беру жаңарту мәселелері, білім беру жаңарту бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелері, сонымен қатар білім беруде инновацияны дамытудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі, экспериментті жүзеге асыруға мектептердің дайындығы аталып өтті.