Өрлеу сайты

Республикалық әдістемелік семинар «Білім беру мазмұнын жаңарту шарты негізінде оның сапасын арттыру»

Республикалық әдістемелік семинар «Білім беру мазмұнын жаңарту шарты негізінде оның сапасын арттыру»

Республикалық әдістемелік семинар «Білім беру мазмұнын жаңарту шарты негізінде оның сапасын арттыру»

2015 жылдың 25 маусым күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясында «Білім беру мазмұнын жаңарту шарты негізінде оның сапасын арттыру» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті.

Семинар жұмысына жоғары оқу орындарының оқытушылары, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының апробациядан өткен пилоттық мектеп мұғалімдері, бастауыш мектептердің оқу жоспары және білім беру жүйесіндегі басқа санаттағы да қызметкерлер қатысты. Қатысушылар арасында Астана қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚФ педагогика қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ДБО тренері «Еңбекке оқу» пәні оқу бағдарламасын әзірлеген Г.С.Логунова қатысты.

IMG-20150625-WA0003

Семинар барысында орта білім берудің мазмұнын жаңартуға тән негізгі үрдістер, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы өзгерістер қаралды. Сондай-ақ, пәндер бойынша келесі бағдарламалар ұсынды: «Сауат ашуда үйрету», «Математика», «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Ән», «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу».

20150625_090042

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы, АБҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» негізінде МОБББС апробациясы және білім беру мазмұнын жаңартудың оқу жоспарларын дайындау кезінде үлкен жұмыс атқарылды: МОБББС, бастауыш мектептерге арналған оқу бағдарламалары әзірленді және бекітілді, 30 пилоттық мектеп анықталды, аталған мектептерге біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде, әрбір пилоттық мектептерге жұмыс топтарының іс – сапарлары жүзеге асырылды.