Сайт Өрлеу

«Өмірімді өзгерткен кітап» рухани кездесу

«Өмірімді өзгерткен кітап» рухани кездесу

«Өмірімді өзгерткен кітап» рухани кездесу

Нұр-Сұлтан қаласындағы №73 физика-техникалық лицейінде «Оқуға 100 кітап» жобасының аясында, «Өмірімді өзгерткен кітап» атты дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын оқу-ағарту бағытындағы рухани кездесу шарасы болып өтті.

Шараның басты мақсаты: оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті оқуды жандандыру, кітап оқуға машықтандыру.

№73 физика-техникалық лицейінде @ftl_73school дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға қоғамда өзіндік орны, айтары бар белгілі азаматтармен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ тренері, әріптесіміз Фариза Баққалиқызы да шақырылды.

Шара барысында әр саланың үздіктері оқушыларға танымдық, мотивациялық сабақ өткізді. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», — деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай, жетістікке жетудің кілті — кітап екенін оқушыларға ұғындыра білді. Оқушылар қонақтарға қызмет салалары бойынша түрлі бағытта өздерін толғандырған сұрақтар қойып, олардан толайым жауаптар алды. Шараға белсене қатысқан оқушыларға қонақтар өздерінің дайындап алып келген кітаптарын тарту етті.

Кездесу өте әсерлі өтті. Осындай шараның құрметті қонағы болғаныма және оқушылармен кездескеніме, олардың немен тыныстап жатқанын көргеніме қуаныштымын, — деп Фариза Баққалиқызы жиыннан алған әсерімен бөлісті.