Сайт Өрлеу

Біліктілікті арттыру – білім мен білікті шыңдау

Біліктілікті арттыру – білім мен білікті шыңдау

Біліктілікті арттыру – білім мен білікті шыңдау

2019 ж. 23 қыркүйек — 11 қазан мерзімі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында білікті тренер, өз ісінің маманы Б.С. Дюсембинованың жетекшілік етуімен Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша оқу қазақ тілінде жүретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 120 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курс барысында мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер, белсенді оқыту техникалары, сын тұрғысынан ойлау, тиімді оқу мен оқыту, қалыптастырушы мен жиынтық бағалау және т.б. оқудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысып, үйренуде. Мұғалімдер жұптық және топтық жұмыстарда берілген тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындап, қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, күнделікті өткен сабақтарды талдау, қорғау жұмыстарына белсене қатысып, білім-біліктерін толықтыруда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code