Сайт Өрлеу

Курстың аяқталуы туралы

Курстың аяқталуы туралы

Курстың аяқталуы туралы

Əр мектептен жиылған курс тыңдаушыларын бір ұжым жасап, 21- ғасырдың жаңашыл мұғаліміне айналдыру тек қана өз ісінің шебері,төселген əдіскердің қолынан ғана келеді. Талапшыл тəлімгеріміз кретивті, сауатты, жігерлі, жаңалыққа құмар, кəсібін шыңдау жолында мақсатқа ұмтылған ұстаздарды əр түрлі жолдармен  тәжірибелік  сабақтар арқылы шыңдады,

теория мен практика арқылы нəтижеге қол жеткізді.

Міне,бүгін əр ұстаз оқытудың тиімді жолдарын таңдап,  өз кəсіптерінің өмірлік  маңызын, іскерлік қабілеттің қажеттігін түсінді. Əр мұғалім əр сабағын жаңаша ұйымдастырып, саралап-бағалап, кері  байланыс жасап, қорытынды шығара білуге қол жеткізді.  Осының барлығы  бір айдай  бізбен бірге болып, төрт  дағдының өмірлік қажеттігін ұғындырған, бойымызға

Критериалды бағалау мен дескриптор ұғымын сіңірген, білігі мол, парасаты биік — Фариза Баққалиқызының тынымсыз еңбегінің арқасы.

Біз нені үйрендік, оны біздің топтың  шығармашылық жұмысы  дəлелдеп береді:

Оқытудың тиімді жолдарын біз таңдадық,

Сабақты түрлі əдіспен, тəсілдермен жалғадық.

Мақсатынан оқудың SMART мақсат шығардық,

Тапсырмаға  негіздеп  Дескриптор құрадық.

Критерийге сүйеніп, бағалауды үйрендік,

Төрт дағдының өмірлік маңызына сүйендік.

Өзгеше ойлап, өзімізге сұрақ қоюдан бастадық,

Кретивті ойлауға жаңаша қадам бастадық.

Тəжірибемен  алмасып, өзгерді идея- санамыз,

Жаңаша ойлап  əр істе,  шеңберден шыға аламыз!

Міне, біз  «Өрлеу»  БАҰО АҚФ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ білім беру мазмұнын жаңарту курсының нəтижесінде жаңаша ойлап, шеңберден шықтық.  Бізді алда жеке тұлғаны қалыптастыру жолындағы жаңа дəрістер, жаңа əдіс-тəсілдер күтіп тұр.

Топ атынан, Халесова Роза Гарифуллиевна

№56 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

7 комментариве к “Курстың аяқталуы туралы

  1. Фариза

    Курс тыңдаушыларына белсенділік танытып, курс барысында тәжірибелерімен бөліскендері үшін үлкен алғыс білдіремін!

  2. Кымбат

    Фариза Баққалиқызы білімді де білікті тренер! Үлкен рақмет сізге!

  3. Гүлзат

    Сәттілік тілеймін!!! «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ курстары өте керемет өткізіледі. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Фариза Баққалиқызы, сізге көп-көп рахмет!

  4. Бекзат

    Заман талабына сай тұлғаны тəрбиелеп, білім беру барысында — жаңартылған білім мазмұнының мəнісі орасан. 160 сағаттық курстан алған əсеріміз өте тамаша! Əрине, бəрі тікелей тренерге байланысты. Фариза Баққалиқызының əдістерді түсіндіруде, мақсатқа жету жолында қолданылатын сабақ формалары таң-тамаша! Көп рақмет! «»Өрлеудің» басшылығына және тренерімізге үлкен алғыс білдіремін!

  5. Жансая

    Курс барысында көптеген жаңашылдықты меңгердім. Өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау әдіс- тәсілдерін сабақта жүйелі қолдануды, жаңа білімді оңай жолмен түсіндіруді, қиынды жеңілдетіп, жеңілді қызықты етіп жоспар құруды үйрендім. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізудегі бағалау критерийлерін, дескриптор құрудың нақты болуының маңызын ұқтым.

  6. Гүлнұр

    2019 жылдың 03-28 маусым аралығында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Өрлеу» БАҰО АҚФ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ-да біліктілікті арттыру курсынан өттік. Курс барысында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының мақсат-міндеттерімен толық танысып, көптеген жаңа белсенді әдіс-тәсілдер, сергіту, ширату жаттығуларын, сабақты жоспарлау, критериалды бағалау, баланы зерттеу әдістерін, ықшамсабақты жоспарлау, саралаудың әдіс-тәсілдерін және басқа да көптеген білім алдық. Көп-көп рахмет! Фариза Баққалиқызы еңбегіңіз жемісті болсын! Алдағы уақытта тағы да осындай курстар болып тұрса деген ұсынысым бар. Людмила Александровна бастаған «Өрлеу» ұжымына тек қана табыстар тілеймін!

  7. Эльмира

    Осы оқу барысында жинаған тәжірибемізді еңбек жолында шындаймыз деген ойдамын. Ұстаздарға сәттілік! Тренеріміз Фариза Баққалиқызына үлкен рахмет!