Сайт Өрлеу

«Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсын өтті.

«Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсын өтті.

«Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсын өтті.

2019 жылдың 17-21 маусымы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында елордалық мектептердің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсын өтті.

Курс тренері Абдраимова А.Б. тыңдаушыларды курс барысында Бағдарламаның барлық бөлімдерімен таныстырып, оқу қағидаттары мен мұғалімге қажетті белсенді əдіс-тəсілдерді, критериалды бағалау жүйесі, қалыптастырушы бағалау тәсілдерін түсіндірді. Дәрістер мен тренингтер өткізіліп, мұғалімдердің тəжірибе жүзінде сынап көрген тəсілдер туралы ойлануына жəне меңгерілген білім мен ақпаратты тиімді ұсыну жолдарын жоспарлауына мүмкіндік болды. Курс тыңдаушылары төрт критерий бойынша таныстырылымды қорғау үшін мақсатты дайындық жасады.

Сондай-ақ, курс кураторы Г.К. Даулетбаева «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мектепке дейінгі білім беру, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мен жоғары білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің республикалық байқауы өтетіні туралы тыңдаушыларға арнайы ақпарат берді. Мұғалімдерді байқаудың мақсатымен таныстырып, өз тәжірибелерін байқау додасына салуға шақырды!