Сайт Өрлеу

Біліктілікті арттыру -мұғалім шеберлігінің негізі

Біліктілікті арттыру -мұғалім шеберлігінің негізі

Біліктілікті арттыру -мұғалім шеберлігінің негізі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ағымдағы жылдың 3 — 28 маусым аралығында қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша орта білім мазмұнын жаңарту аясында курстық оқытуды бастады.
Астаналық мұғалімдермен өткізіліп отырған біліктілік арттыру курсы өз жұмысының алғашқы аптасын қарқынды аяқтады. Курс жетекшісі өз ісінің маманы, білікті тренер Фариза Баққалиқызы.
Курстың мақсаты пән бойынша Оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Курстың бірінші аптасында жаңартылған оқу бағдарламасына кіріспе, тиімді оқыту және оқу, критериалды бағалау жүйесі, оның мазмұны, түрлері, оқу үдерісінде белсенді әдістерді қолдану, оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрылымы, орта және қысқа мерзімді жоспарлау, тілдік дағдыларды дамытудың маңызы, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға қолдау көрсету туралы мәселелер қарастырылды.
Сабақ үнемі психологиялық ахуал тудырумен және әртүрлі мазмұндағы ширату жаттығуларымен басталып, тыңдаушылар ынтымақтастық ортаға бейімделуде. Тренер шеберлігінің арқасында тыңдаушылар қызығушылығы бір арнаға тоғысып, курстық жұмыстар ойдағыдай атқарылуда.
Мұғалімдер сабақ барысында топта, шағын топтарда пікір алмасу арқылы және жұпта, жекелей жұмыстар жасау арқылы өз тұжырымдарын ұсынып, курс барысында белсенділік танытуда.