Сайт Өрлеу

Құрметті педагогтер сайыста топ жарып, үздік шығуға асығыңыздар!

Құрметті педагогтер сайыста топ жарып, үздік шығуға асығыңыздар!

Құрметті педагогтер сайыста топ жарып, үздік шығуға асығыңыздар!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында курстық оқытудан өтіп жатқан тыңдаушыларға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мектепке дейінгі білім беру, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мен жоғары білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайын өтетін республикалық конкурсы басталғанын хабарлай отырып, оларды топ жарып, үздік шығар айтулы сайысқа қатысуға шақырды.
Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру. Сонымен қатар педагогтің мәртебесін нығайтуға және оның беделін көтеруге жәрдемдесу, үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, Қазақстан Республикасы виртуалдық білім беру кеңістігінде үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын ұлғайту.
Конкурс туралы толық ақпаратты берілген сілтеме арқылы Астана филиалының сайтынан алуларыңызға болады: http://orleuastana.kz/panorama-pedagogicheskih-idej/
#ФАОНЦПКӨрлеуАстана #ИПКОрлеуАстана #ӨрлеуБАҰОАстанафилиалы #ӨрлеуАстанаПҚБАИ
#ПанорамаПедагогическихидейӨрлеуАстана