Сайт Өрлеу

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ — ЖАС ПЕДАГОГТІ КӘСІБИ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ФОРМАСЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ — ЖАС ПЕДАГОГТІ КӘСІБИ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ФОРМАСЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ — ЖАС ПЕДАГОГТІ КӘСІБИ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ФОРМАСЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ — ЖАС ПЕДАГОГТІ КӘСІБИ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ФОРМАСЫ

2019 жылдың 25 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Әдістемелік десант — жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» атты республикалық on-linе семинар өткізді.

Семинардың мақсаты жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсету және тәжірибеге бағдарлау, педагогикалық шеберлігін жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Аталған семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері қатысып, Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы «Сапалы кері байланысты ұйымдастыру» тақырыбында №74 МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Ақерке Әділбайқызына кеңес беру сәтінен бейнеролик ұсынып, сабақтағы жазбаша және ауызша кері байланысқа жан жақты тоқталды.

Жалпы астаналық филиалда қай санаттағы болсын педагог кадрларға қолдау көрсету, кеңес беру, бағыт беру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Алдағы уақытта да мұндай шаралар өз жалғасын тауып, филиалдар арасында қолдауға ие болатыны анық.