Сайт Өрлеу

БАСҚАЛАРҒА ҮЙРЕТКЕНІҢДІ АЛДЫМЕН ӨЗІҢ ОРЫНДА

БАСҚАЛАРҒА ҮЙРЕТКЕНІҢДІ АЛДЫМЕН ӨЗІҢ ОРЫНДА

БАСҚАЛАРҒА ҮЙРЕТКЕНІҢДІ АЛДЫМЕН ӨЗІҢ ОРЫНДА

БАСҚАЛАРҒА ҮЙРЕТКЕНІҢДІ АЛДЫМЕН ӨЗІҢ ОРЫНДА

2019 жылдың 13-24 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша «Өзін өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында тренер Г.К Даулетбаеваның жетекшілік етуімен біліктілікті арттырудың қысқамерзімді курсы өтті. «Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында» ұранымен өткен курстық оқыту тыңдаушылар сұранысын қанағаттандырды.

Тыңдаушылар негізгі үш модуль бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері.
  3. «Өзін-өзі тану» рухани — адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Курс барысында тыңдаушылар пилоттық №59 мектеп-лицейінде өткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағытындағы семинарға қатысты.