Сайт Өрлеу

«Өрлеу» ҰБАО» АҚ Ф Астана қ. бойынша ПҚ БАИ базасында ҚР жаңартылған білім беру барысында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы бойынша

«Өрлеу» ҰБАО» АҚ Ф Астана қ. бойынша ПҚ БАИ базасында  ҚР жаңартылған білім беру барысында «Қазақ тілі» және  «Қазақ әдебиеті»  пәндерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы бойынша

«Өрлеу» ҰБАО» АҚ Ф Астана қ. бойынша ПҚ БАИ базасында ҚР жаңартылған білім беру барысында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы бойынша

2019 жылғы  сәуірдің  бірі  мен жиырма алтысы  аралығында  Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің «Қазақ тілі» және  «Қазақ әдебиеті» пәндерінің  мұғалімдері жаңартылған білім беру бойынша 20 күндік курсты аяқтады. Курс барысында коллаборативті ортада  спиральді білім беру қағидаттары негізінде құрылған оқу бағдарламалары мен жоспарларды зерделеп, критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын игеріп,  белсенді әдістерді тиімді таңдауды сабақ жоспарлауда ескеріп, оқушыларды мақсатқа жетелеуде саралау әдістерін қолданып, мақсаттарын толық жүзеге асыруды анықтады.

Мұғалімдер курстың соңғы күні негізгі талаптарға сай құрастырған қысқа мерзімді жоспарларын қорғап,  жаңартылған білім беру бағдарламасының келешекте  жақсы нәтижелерге жеткізетінін атап өтіп, үлкен үмітпен курстың нүктесін қойды.

 

Тренер: п.ғ.к., Ахметова Қ.Қ.

16 комментариве к “«Өрлеу» ҰБАО» АҚ Ф Астана қ. бойынша ПҚ БАИ базасында ҚР жаңартылған білім беру барысында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы бойынша

  1. Айсәуле

    «Өрлеу» ҚР жаңартылған білім беру барысында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы бойынша алған әсерім мен тиәжиребем өте керемет. Осы курс арқылы оқу мақсатына жеткізетін түрлі әдістерді меңгердім. Оларды өз сабағымда тиімді пайдаланамын деген сенімдемін.

  2. Фариза

    Курс маған өте ұнады. Жаңа достар таптық. Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспарлауда тиімді әдістерді үйрендім. Қымбат Қасымовнаға үлкен рахмет!

  3. Сейілхан Бейімбет Есімханұлы

    Бұл курсқа қатысқаным үшін қуаныштымын. Бізді оқытып жатырған Қымбат Қасымқызына алғысым шексіз. Осылай қазақ еліне, қазақ жеріне деген махаббатыңыз сөнбей, жылдан жылға ұстаздардың біліктілігін арттыра беріңіз. Рахмет айналайындар.

  4. Назерке

    Курс жүйелі, нақты әрі қызықты өтті. Жаңартылған білім берудің артықшылығын ұғынып, оқытудағы мақсаттың айқындылығын ұғындық.

  5. Гүлжан Төлеуова

    Жаңа білім мазмұнын меңгерту бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысы ретінде бұл курстың мұғалім үшін маңызды курс екенін айта кеткім келеді. Белсенді әдістерді тиімді қолдану, сапалы сабақ жоспарын құру, саралау тапсырмаларын ұсыну сияқты дүниелерді терең түсіне отырып, әр сабаққа сыни көзқараспен қарауға үйрендім.

  6. Шымырова Н.Т.

    Курс барысында көптеген сабақ өтудің жаңа әдістерін үйрендім. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалай арттырудың жолдарын білдім. Жалпы жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы көп мағлұмат алдым.

  7. Кожагулова А.А.

    Курс маған өте ұнады. Көптеген сұрақтарыма жауап таба алдым. Осы курс арқасында мен жаңашыл, шығармашыл педагогтермен таныстым. Өзімнің үйренгенім мені қуантады.

  8. Бибінұр

    Жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курсынан өзіме көптеген пайдалы ақпараттар ала алдым. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру барысында сабақ смарт мақсатын құру, саралау тапсырмаларын жүйелі ұйымдастыру, белсенді әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білу дағдыларын меңгердім. Өрлеу біліктілікті арттыру институты ұжымына, тренер Қымбат Қасымқызына алғыс білдіремін.

  9. Ақбота Әсетқызы

    «Жаңартылған білім мазмұны бойынша » біліктілікті арттыру курсына келгеннен бастап көп дүниелерді түсіндім. Ықшам сабақтың қысқа мерзімді сабақ жоспарлауда маңызы көп екеніне, әртүрлі белсенді әдіс-тәсілдерді меңгере отырып әркім өз білім қоржынына тиімді ақпараттарды алдық. Аталған курстан кейін алдағы уақытта сабағымды одан әрі түрлендіріп, жаңашылдандырып, алдыма келген оқушыларымды білім нәріне сусындатамын деген ойдамын. Курсқа келетін алдағы уақыттағы курс тыңдаушыларға сәттілік тілеймін!!!

  10. Шымырова Н.Т.

    Курс барысында көптеген сабақ өтудің жаңа әдістерін үйрендім. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалай арттырудың жолдарын білдім. Жалпы жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы көп мағлұмат алдым. Курс ұнады.

  11. Гульзат

    Оқытқан әдіс-тәсілдерін зерделеп, теориялық және практикалық біліммен қаруландым. Жаңартылған білім мазмұны бойынша бағдарламаның ерекшелігіне көзім жетті.
    Олар:
    — Пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі;
    — Тапсырмаларға байланысты қалыптастырушы бағалаудың қарастырылуы;
    — Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының құрылуы;
    — Сабақ жоспарының SMART мақсатқа бағытталуы;
    — Пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін оқу бағдарламасы бойынша кодталған оқу мақсаттарының жүйеленуі

  12. Балжан Нарбек

    «Өрлеу» курсына үлкен алғыс білдіремін. Себебі бұл білім беретін мекемеден үйренгенім өте көп болды. Мысалы, әдіс-тәсілдер, жетекші сұрақтар және т.б сабаққа қатысты дүниелерді үйрендім. Тренеріміз Қымбат Қасымқызы әуелі адамгершілігімен, сосын білімділігімен бізді өзіне баурап алды. Жалпы ұжымның барлығына алғыс білдіремін.

  13. Махсат

    01.04.2019 күні бастау алған «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Ф Астана қ. бойынша ПҚ БАИ базасында
    ҚР жаңартылған білім беру барысында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы бүгін өз мәресіне жетті. Жаңартылған білім беру курсынан өз білімімді, өз қөзқарасымды өзгерттім. Курс барысында әр түрлі тиімді белсенді оқу әдіс-тәсілдерін оқып үйрендім. Алдағы уақытта курста үйренген біліміді сабақ барысында тиімді қолдануды мақсат еттім. Курста бізге тәлім беріп , оқу мазмұнын бізге жетік меңгерткен тренеріміз Қымбат Қасымқызына ерекше алғысымды білдіремін.

    Сарсенбаев М.А.
    №65 мектеп — гимназиясы

  14. Индира

    Қазақ тілі мен әдебиет пәніне арналған » жаңартылған білім беру бағдарлама» курсы өте жоғары деңгейде өтті.
    Осы курс барысында мұғалімдердің біліктіліктері артты.

  15. Ляззат

    «Жаңартылған білім мазмұны» біліктілікті арттыру курсынан алған әсерім ерекше. Осы курс барысында тренердің өте жоғары деңгейде өткізгендігін атап өткім келеді. Өзімнің білім қоржыныма көптеген мәлімет жинадым. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығына, және тренерім Қымбат Қасымқызына алғысымды білдіргім келеді

  16. Зауре

    Осы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің Жаңа білім беру мазмұны бойынша өткізілген айлық курс барысында көп тиімді, белсендлі әдістер үйрендім. ҚМЖ жоспарлауға меңгердім. Кері байланыстар арқылы өзімнің білімімді толықтырдым. Қымбат Қасымқызына алғыс білдіргім келеді.