Сайт Өрлеу

Орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде жүретін мектептердің «Қазақ тілі  мен әдебиеті» пәндері бойынша біліктілігін арттыру курсында Астана қаласы мектептерінің  24 мұғалімі білімдерін жетілдіруде. Курс бағдарламасының мақсаты – орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курстың алғашқы күндерінде мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушыны белсенді ортада жаттықтырып, қарым-қатынас құзырлығын дамытып, жалпы функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі туралы пікірлермен алмасты.

Тренер:                     п.ғ.к., Ахметова Қ.Қ.