Сайт Өрлеу

«Өзін өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

2018 жылдың 24.09-05.10 аралығында  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша «Өзін өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттырудың 2018 қысқа мерзімді курсы өтті (тренер Даулетбаева Г.К.).

Педагогтер негізгі үш модуль бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері.
  3. «Өзін-өзі тану» рухани — адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Курс барысында тыңдаушылар пилоттық №59 мектеп-лицейіне барып «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағытындағы пән мұғалімдерінің Г.Е.Алдыбергенова 4- «Г» сынып «Менің арманым», Д.Н.Каумбаева  10- «А» сынып «Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат», А.Б.Құралбекова 5- «Г» сынып «Танымға бастар жол» тақырыптарындағы үлгілі ашық сабақтарына қатысты.

Сабақтарда тыңдаушылардың айтуынша, қазіргі уақытта барлық әдістемелер мен бағдарламаларға қарағанда мұғалімнің жеке тұлғасын өзгерту маңызды екені даусыз факті. Берген оқу – білімнен басқа, жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке дамыту бойынша педагог өзінің жауапты екенін ұмытпағыны абзал.

Мұғалімдердің басты миссиясы — қоғамда адамның өмір сүру қағидалары мен моральдық нормаларын анықтауда, өскелең ұрпақты рухани әлемде тәрбиелеу болып табылады.