Сайт Өрлеу

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша деңгейлік курстың аяқталуы

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша деңгейлік курстың аяқталуы

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша деңгейлік курстың аяқталуы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша үш кезеңнен тұратын «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында біліктілікті арттырудың деңгейлік курсы аяқталды.

Аталған курстың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңін өту барысында әр тыңдаушы «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша портфолиосын қорғады, Астана қаласының №59 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақ өткізді және 7-сыныптарымен жалпыадамзаттық құндылықтарды біріктірудің топтық шығармашылық қызметін (сахналық қойылым) ұйымдастырды.

Сонымен бірге тыңдаушылар курс барысында П.Амонашвилидің «Ізгілік педагогика негізінде баланың жеке тұлғасын дамыту» семинарына қатысып, білімдерін толықтырды.

Педагогтер қоғамдағы адамгершілік және рухани жаңғыртудың маңыздылығын ұғынып, біліктілік емтиханында асқан жауапкершілік танытты.